Accessibility links

Бүгін таң ертең болған зымырандық шабуылдан Иракта Америкалық бір теңіз жаяу әскері қаза тауып, екіншісі жараланды.


1-ші мамырдан бері осымен 49-шы АҚШ әскериі өз жауларының қолынан қаза болып отыр. Ал, Саддам Хусейннің ұлдары Хұсай мен Ұдай өлтірілген сейсенбіден бері қаза болған америкалық солдаттардың саны 10-ға жеткен. Сондай-ақ, АҚШ Орталық жасағының кешегі хабарына қарағанда, Ирак соғыс тұтқындарына көрсеткен зорлық-зомбылықтары үшін америкалық төрт солдатқа әскери сот жүргізілмекші. Елдің оңтүстік- шығысындағы Бұса лагерінде жеті мыңға жуық соғыс тұтқындары қамалған болатын. Аталған келеңсіз жағдайлар осы жерде орын алса керек-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG