Accessibility links

Филиппин елбасы Глория Арройо Конгрестегі қос Шатыр алдында жыл сайынғы Халыққа үндеуін жарияламақшы.


Осыдан бір күн бұрын ғана 300-дей әскерилер Маниладағы өздері басып алған дүкен ғимаратынан бейбіт түрде шығып кетіскен еді. Ол әскерилер елбасы Арройоны: “Келер жылы бітетін елбасылық билігін одан әрі жалғастыру мақсатында әскери тәртіп енгізбекші болды. Ондай әскери тәртіпті жариялауға сылтау ретінде Манилада террорлық шабуылдарды ұйымдастыру үшін ел армиясын пайдалануға тырысты”,- деп айыптап отыр. Бірнеше сағатқа созылған келіссөздерден кейін әскерилер райларынан қайтып, жатақтарына оралды. Елбасы Арройо бұл жөнінде былай деді.

“Макатидегі дағдарыс шешілді. 296 солдаттар, оның ішінде 70-тей офицерлер бар өз барактарына қайта оралды. Олардың ісі зерттеліп, мәселелері соғыс жағдайындағы баптарға сәйкес шешілетін болады”-, деді. Билікке Арройо ханым 2001-ші жылдың қаңтар айында, одан бұрынғы елбасы Иосеф Естрада тақтан кетірілгеннен кейін, келген болатын.
XS
SM
MD
LG