Accessibility links

Израйль өкімет басшысы Ариел Шарон Вашингтонға сапармен келді.


Ертең ол АҚШ елбасы Жорж Бушпен Таяу Шығысқа арналған жол картасының жайын ақылдасу үшін кездесетін болады. Израйль ресми өкілдерінің сөзіне қарағанда бұл елдегі түрмелерде жатқан 540-тай палестиналық тұтқындар босатылатын болады. Олардың ішінде 210-ы Исламдық топтардан, тағы 210-ы Палестина басшысы Йасер Арфаттың Фатах ұйымынан, ал 120-сы өзге де қылмыстары үшін қамалған қарапайым палестиналықтар қатарынан болып отыр. Осы жолғы келіссөздер барысында Израйль түрмелерінде жатқан мыңдаған палестиналықтардың босатылуы ең басты мәселе ретінде қойылуда. Жұма күнгі кездесулері барысында АҚШ елбасы Жорж Буш Палестина өкімет басшысы Махмуд Аббасты Израйльге қарсы шабуылдарды тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ Буш мырза Израйль тарапын Батыс жағалауда қауіпсіздік дуалдарын соғып және жаңа тұрғын үйлерді салып жатқаны үшін сынады-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG