Accessibility links

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жаңалық


Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсетуді дамытуда

Шілденің 28-і күні мамандықты жетілдіру және мамандарды қайта даярлау бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің облыстық, қалалық және аудандық басқармаларындағы мемлекеттік қызметкерлерге ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету тақырыбындағы 10 күндік кеңес өз жұмысын бастады.

Семинар-ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін құрудағы ауқымды бағдарламасының бір бөлігі.

Ақпараттық-маркетингтік жүйесі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі мамандарының өзара жедел ақпарат алмасуы үшін ақпараттық жетістіктерді пайдалану мақсатында жасалып жатқан байланыс жүйесі.

Бұл жүйе 2001 жылы республиканың төрт облысындағы сегіз ауданда тәжірибелік жоба ретінде енгізілген болатын.

Ауылшаруашылығы министрлігінің Құқықтық және ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры Асқар Сабанқұловтың айтуынша, Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы қазіргі заманға сай технологиялармен толық қамтылмаған.

Ақпараттық-маркетингтік жүйе үш деңгейден тұрады. Ол телекомуникациялық құралдармен бірігіп бір жүйені құрайды.Олар республикалық, аймақтық және аудандық деңгейді қамтиды. Осы жүйені дамыту бағытында Үкімет қаулысымен биылғы жылдың 28 ақпанында арнайы мамандандырылған “Қазагромаркетинг” ААҚ кәсіпорын құрылған.

Қазіргі таңда ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесіне барлық облыстар қосылған. Оның ішінде 213 аудандық, қалалық және аймақтық басқарманың 200-і, 160 аудандық және қалалық ауылшаруашылық басқармаларының 120-сы бұл жүйеге жұмылдырылып, еркін қызмет істеуге мүмкіндік алған.
XS
SM
MD
LG