Accessibility links

Дүйсенбіде Қазақстанның білім ордаларында кешенді тестілеуден сынақ басталды

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Биыл республиканың жоғарғы оқу орындарына 164 мыңнан аса талапкер құжат тапсырған.

Алайда әскери және шығармашылық емтихан арқылы қабылданатын оқу орындарына құжат өткізген талалапкерлер саны әлі белгісіз. Биылғы талапкерлер саны да жылдағыдан көп. Ол бәсекелестікті арттыра түспек.

Ал мемлекет болса, биыл небары 26 мың 465 орынға грант және 10 мың 155 несие белгілеген. Сырттай оқу бөліміне 2.275 грант бөлініпті.

Жалпы, Қазақстан бойынша информатика, аударма ісі, сондай-ақ, қаржы және экономика факультеттеріне сұраныс үлкен. Одан кейінгі орында заң және кеден ісі мамандары тұр. Осы факультеттердің кейбірінде бір орынға 35 адамнан құжат тапсырған.
XS
SM
MD
LG