Accessibility links

Израиль 100 палестиналықты бостандыққа шығармақ


Израиль бас министрі Ариел Шарон Вашингтонға сапарының алдында 100 палестиналықты абақтыдан шығаруды қарастырмақ.

Сейсенбі күні Шаронды АҚШ елбасы Буш қабылдап 2005-ші жылы құрылуы тиіс, Палестин мемілекетіне арналған "жол картасы" жоспарын талқылайды.

Жексенбі күні Израиль бас министрі Ариел Шарон 100 палестиндікті абақтыдан шығару бойынша үкімет мүшелерімен кеңес өткізді. Бұл сейсенбі күні Вашингтонда өтетін Израиль бас министрі Ариел Шароның АҚШ елбасы Джордж Бушпен Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға арналған келіссөздерінің алдында жасалып отыр.

Жұма күні Ақ үйде Палестинa бас министірі Махмут Аббасты немесе лақап атымен мәшхүр Абу Мазенді қабылдаған кезде АҚШ елбасы Буш былай деп еді,- қамауда отырған палестиндіктерге байланысты менің ойымша ашық талқылаулар болуы тиіс. Біз қамауда отырғандарды бостандыққа шығаруды бір мәрте қарастыруымыз қажет. Әлбетте ешкімде істі насырға шаптыратын қан құйлы қылмыскерді бостандыққа шығаруды қаламайды.

Израиль ресми өкілінің айтуынша, Израиль шамамен 600, 650-дей палестиндікті бостандыққа шығармақшы, осы арқылы олар Палестиндік үкімет басы Аббасқа қолдау көрсетпек, себебі палестиндік жауынгер топтар оны Израйльдің сөзін сөйлеп отыр,-деп айыптауда.

Аббас жұма күні Буштың қабылдауында болғаннан соң, бұл сапар АҚШ-тың тек Шаронды ғана қолдап отырғандығын тағыда көрсетіп берді,-дейді Хамастың көсемі Абдель Әзиз әл Рантисси. Палестиндік заңшығарушылар егер Аббас Израильді Йордан дариясының батыс жағалауындағы және Газа аймағындағы басып алған жерлерін тастап шығып және Израиль қапастарында отырған мыңдаған палестиндіктерді босатпайынша оған сенім білдірулерін тоқтатпайтындықтарын айтып ескертті.

Сондай-ақ, Аббас жұма күні Вашингтонда болған Бушпен кездесуі кезінде елінің аманатын былайша жеткізді: “Kейбір оң істер жасалды, бірақ қамауда отырғандарды босату мен, елбасы Арафаттың қоршауға алынып, Израильдың Палестинa жерлерін басып алуы тоқтап және палестиндіктердің жүріп тұруларына тосқауылдар қойылмауы тиіс.” Ал Израиль болса палестиндіктер өздерінің "жол картасындағы" міндеттемелеріне сай өздерінің қарулы топтарын таратпай отыр,-дейді.

Буш Йордан дариясының батыс жағалауында тұрғызылып жатқан дуал жайында өз ойын былайша білдірді: “Mенің ойымша қабырға мәселе туындатады және мен бұны Ариел Шаронмен талқыладым.”

Батыс жағалауда екі ортаны жыланша ирілген қабырға бөлер болса онда палестиндіктер мен израильдіктердің арасында сенім ұяалауы екі талай. Ал Израиль үкіметтінің өкілі Ави Пазнердің айтуынша, Израиль Йордан дариясының батысындағы екі араны бөлу дуалын жалғастыратын болады.

“Дуал тек қауіпсіздік сақтауға ғана орнатылмақ одан басқа ештеңке емес. Оның Израильге терроршыларды кіргізбеуден өзге мақсаты жоқ. Қоршау күн сайын тұрғызылып жатыр. Бәлки Шарон Бушты көндірер, бұл соншалықты мәселе емес,” -дейді Пазнер Рейтер агентігіне.

Пазнердің айтуынша, Шарон Бушпен кездесуі кезінде Израильдің өз мойынына алған кепілдемелеріне тоқталады, ол игі қадамдар қатарында Израиль Йордан дариясының батыс жағалауындағы екі қаладан өз әскерін әкетіп, бірнеше басты жолдардан тосқауылдарды алып тастайды және палестиндіктерге дуал келтіріп отырған қиыншылықтарды мүмкіндігінше азайтпақшы.
XS
SM
MD
LG