Accessibility links

Польшалық қосындар Ирақта атқаратын ісінен қорқпайды.


Ирақтағы одақтастар қолы арасында поляк қолы да бар. Польшалық әскерлер Бағдат пен Басраның ортасындағы атырапқа жауап береді.

Әзірше Ирақтағы поляктар арасында адам шығындары жоқ, польшалық қосындарға жергілікті халықтар мен олардың дәстүр салты жайында поляк ғалымдары түсініктемелер берген.

Ирақтағы АҚШ қосындары арасында наразылықтар мен шаршап шалдығу байқалғанымен, Польшада жаттығудан өтіп жатқан поляк қосындары керісінше, өздерін Ираққа атандырылуын тағаттана күтіп отыр.

"Біз ақырында аттанатын болдық. Мен бұл уақытты көп күттім", - дейді 300 жауынгерден тұратын таңдаулы поляк әбжәл қимыл қолының бір сарбазы, ақпарат құралдарының өкілдеріне жаттығу жасап жүрген кезінде.

"Мен қорықпаймын. Бұл қорқатын кезең емес. Мен жорыққа аттануға әзірмін", - дейді бастан аяқ оқ өткізбейтін сауыт киіп бетіп тумшалаған өз атын айтпаған жауынгер.

Польша соғыстан кейінгі Ирақтың төрт аймағының бір бөлігіндегі тұрақтылықтың сақталуын қадағалайтын 9 мың 200 қосынан тұратын халықаралық қолға басшылық жасайды, бұның қатарында 2 мың 300-ін поляктар құраса, 1 мың 640 әскерді Украина, 1 мың 300 жасақты Испания беріп отыр.

Ирақта бірнеше айдан бері жүрген АҚШ қосындары арасында адам шығындары болса, поляктар арасында бұл жоқ. Вашингтон 1 мамырда ресми түрде соғыс аяқталды деп жарияғалы бері Ирақтағы АҚШ қосындарына жүздеген шабуылдар жасалып, олар 47 қосынынан айырылды.

Ирақ жорығындағы Вашингтонның бас одақтасы Британия алты сарбазын жоғалтты. Польша қосындарының өздеріне қаншама сенімді болып тұрғанымен, жұма күні польшалық ресми өкілдер Варшаваның өз сарбаздарының өмірлері үшін алаңдаулы екендіктерін білдірді.

"Иә, мен қорқамын. Біз барлықтарымызда қорқамыз", - дейді қоғамдық Тройка радиосына берген сұхбатында Польшаның бұрынғы бас министірі Марек Белка, одан ол қосындар өмірлеріне алаңдаулы болды ма, - деген сауал қойылғанында. "Міне сондықтан біз әртүрлі тылдық және саяси шаралар жасап, қауіп қатерді азайтуға тырысамыз", - дейді Ирақтың сыртқы байланыстарын бақылаушы халықаралық комитетін басқаратын Белка мырза.

Польшаның таңдаулы әскерінің өкілдері өздерін Британияның және АҚШ-тың арнаулы жасақтарымен салыстырып, "Біз АҚШ және Бртиандықтардан кем емеспіз, бірақ өкінішке орай олар сынды жабдықталған жоқпыз,"- бір өз атын атамаған поляк сардары.

"Ол жақтан алғашқы табыттар келгенде жағдайдың қандай екендігі туралы айтуға болады", - дейді ол сыни дауыспен.

Тамыздың басында Ираққа аттанатын әскери бригада өзімен 6 польшалық "Сокол" тік ұшақтарын 4 Советтік үлгідегі Ми-8 тікұшағын және 60 сауытты көлік әкетеді. Бағдат пен Басраның ортасындағы оңтүстік орталық аймақтағы тұрақтылыққа жауап беретін қолдың жайғасуын дайындайтын алғашқы қосындар Ирақта жүр. Соғыстан кейінгі Ирақтағы бүтін бір атырапқа басшылық жасау мәртебесін АҚШ бұрынғы коммунистік елге Ирақ соғысында Вашингтонға қолдау көрсетіп өзінің әскерлері мен кемесін аттандырғандығы үшін ризашылық ретінде Польшаға беріп отыр.

Польша 80 мың шаршы шақырым өлкеге басшылық жасайды. Поляк қосындары әскери жаттығулар мен қоса Ирақ мәдинеті мен тұрмыс тіршілігімен аздаған арапша сөздер үйреніп, Ассаламәлейкум ! -деп амандасуды жаттады.

"Варшава Университетінің професорлары, біз қарым-қатынас жасайтын әртүрлі ұлт пен ұлыстың әдет-ғұрыптарын бізге үйретті", - дейді қолбасы Дариуш Костшева. Сарбаздар, сондай-ақ, өдерімен арап тілінде Польша жайлы видео таспалар алады.

"Біз өзіміздің қандай елден келгендігімізді көрсеткіміз келеді. Бір таспада Польшада мекендейтін мұсылмандар жайлы айтылса. Екіншісінде, Ирақта 1970 пен 1980-інші жылдар аралығындағы жұмыс жасаған поляктар турасында", - дейді Қорғаныс министрлігінің өклі ақпарат құралдарына.

Польшаның АҚШ-ты қолдауына қарамастан поляк сарбаздары осы арқылы жергілікті халықпен жақсы қарым-қатынастар құрмақшы.

"Біз өз әскери киімдерімізге Польшаның ақ-қызыл байрағын тағамыз. Бәлки бізге біздің Американдық не Британдық достарымызға қарағанда көзқарас тәуірлеу болар", - дейді Костшева.
XS
SM
MD
LG