Accessibility links

Кофи Аннан либериялық бүлікшілдерді үкіметпен өзара бір ымыраға келуге шақырды.


БҰҰ бас хатшысы, егер бүлікшілдер Либерия астанасы Монровияны қоршаудан босатпаса, онда олар мемлекеттегі болашақ саяси жетекшілік қызметіне араласуға жіберілмейтін болады деген. Бүлікшілдер тобы президент Чарлз Тейлордың қызметтен жедел кетуін талап етеді. Ал АҚШ қысымына орай, президент Тейлор, ол талапқа, Батыс африкалық бейбітшілік күштері келіп орналасқан кезден бастап, қызметімнен кететін боламын деген. Қоршаудағы 1 миллиондай монровиялық азық-түлік тапшылығында қалған. Ауыз су да жетіспейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG