Accessibility links

Экономикалық мұқтаждық Түркия мен Арменияны тіл табуға итермелейді

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Совет Одағы тарағалы бері Түркия мен Армения арасындағы тарихи айтыс-тартыс өткеннің еншісіне қалып, дұрыс қарым-қатынастар құрылуы мүмкін.

Таяуда Армения Сыртқы істер министрі Вардан Осканян, бірден жоғарғы сенімдерді күтпейік, әйтсе де Анкара мен Ереван бір-біріне дұрыс бағыттағы алғашқы қадамдар жасап отыр деді.

Өткен қарашада Түркия билік басына келген Әділет және Дәуірлеу партиясы бақталас Армениямен қарым-қатынастарды жақсарту жолдарын қарастырып жүр. Aл өткен жылдың желтоқсанында Копенгагенде өткен Евроодақтың 15 мүшесі Одаққа қабылдануға үміткер Түркияның экономикалық көрсеткіштерінің төмендігі мен адам құықтарының жағдайына назар аударды. Евроодақта, АҚШ-та аймақтық экономикалық жоба Европа, Кавказ, Азия Тасымалдау Дәлізінің іске асырылуын қалап, Анкара мен Ереван арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы үшін өз тараптарынан қысымды күшейтіп отыр.

Осыдан алты жыл бұрын құрылған үкіметтік емес Түрік-армян Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Стамбулдық іскер Кан Сояктың айтуынша, бұрын соңды екі елдің үкіметтері бұндай жақындасуды қаламап еді.

“Менің ойымша екі елдің үкіметтері тұңғыш рет бұндай шынайы ниет білдіруде. Ең маңызды мәселе, олар екі ел арасында бар басты қиыншылықтарды бірінен соң бірін анықтап алып және оны шешу кезегін анықтады. Біз үстіміздегі қыркүйектегі екі елдің Сыртқы Істер министрлері арасында өтуі тиіс келіссөздердің бұрын соңды болмаған көңіл көншітетін күйде дей аламыз.”

1991-інші жылы Совет Одағы ыдыраған шақта Анкара Арменияның тәуелсіздігін 3-жылдық Әзірбайжаның Таулы Қарабақ аймағына байланысты туындаған соғысқа бола мойындамай қойды. Түркия Әзірбайжанға қолдау көрсетіп 1993-інші жылы өзінің шығыс шекарасын жауып Арменияға экономикалық шектеу жариялады. Ресми түрде екі ел арасында ешқандай да сауда-саттық жоқ болсада көршілес Грузия мен Иран арқылы екі елдің заттары өтеді. Армениямен экономикалық байланыстарды тыйудан Түркияның шығыс Анатолия өлкесі көп жоғалтты.

Екі жақты қарым-қатынастардың алғашқы нышандары Мадридте 3-і және 4-і маусымда өткен НАТО елдерінің Сыртқы істер мекемелерінің басшыларының бас қосуы кезінде Түркияның өкілі Абдолла Гүл өзінің Армениялық әріптесімен келіссөздер өткізді. Бұдан соң 19-шы мамырда Арменияда өткен НАТО-ның әскери жаттығуларына Түркия жауынгерлері келіп қатысты.

Осы кезеңде түрік ақпарат құралдары бас министр Реджеп Тейіп Эрдоған өзінің шығыс Анатолияның Армениямен шекара бойында тұрған Карс қаласына жоспарлы сапары кезінде, шекараны қайтадан ашпақ деп болжам жасады. Бірақ Түркия басшысы оның орнына, Анкара экономикалық шектеуді Армения 1915-ші жылға геноцид мәселесін халықаралық деңгейде көтере беріун тыймайынша жалғастыра береді,-деді.

Ал Еревандағылар, әсіресе ұлтшыл Дашнакцутюн партиясының мүшелері, болса, Түркия геноцидті мойындауы керек, сонда ғана екі жақты қарым-қатынастар жақсара алады деуде. Бірақ теңізге шықпайтын 3 жарым миллион халқы бар, Арменияға онымен шектеспейтін Ресей ғана қолдау көрсетіп отыр, экономикалық жұтаңдық көріп отырған ел өзінің батыстағы көршісімен қарым-қатынастарды жақсартуға мұқтаж.

Шілденің 18-і күні Прагада болған кезінде Арменияның Әлеуметтік қамдау министрі Агван Вартанян былай деді:

“Біздің екі ел арасындағы қарым-қатынастар дұрысталуы керек. Біз өзіміздің Түркия, Әзірбайжан және өзгеде көршілерімізбен қатынастарымызды қалыпқа келтіруіміз қажет. Бұл қажеттілік, өйткені аймақтағы бірде-бір ел көршілерінен оқшауланып дами ала алмайды. Біздің пікірімізше, аймақтық серіктестіктен басқа жол жоқ.”

Түрік-армян Іскерлік кеңесінің есебіне сай егер Арменияның Гюмридегі шекара қақпасы ашылар болса, онда Түркия мен Арменияның сауда айналымы бір жыл ішінде 300 миллион долларға жетеді. Бұған қоса Армян-Әзірбайжан шекарасы ашылса онда Түркияның Орталық Азияға сауда-саттық тасымалына жұмсалатын қаржы 35 пайызға қысқарған болар еді.

Арменияны одан әрі оқшауландыру мақсатында Түркия мен Әзірбайжанның саяси қайраткерлері Карстан Бакуге шейін Грузияның армяндар көп қоныстанған Ахалкалаки аймағы арқылы 780 шақырымды құрайтын темір жол салмақ. Бірақ бұл тек саяси жоба дейді Стамбулдық іскер Сояк. Оның айтуынша, егер Карс - Гюмри - Тбилиси темір жолы ашылар болса онда ол жылына 10 миллион тонна жүк тасымалдай алады. Егер бұдан артық жүк пайда болса ғана жаңа теміржол бағытын салу қажет. Қазіргі кезде Армения сыртқы әлеммен байланысын Иран арқылы және әуе тасымалдауы арқылы Ресей арқылы жасап отыр.

Түрік-армян Іскерлік кеңесінің Брюссельдік құрылтайшысы Никола Тавитяның айтуынша, әлемдік банктің есебінше, егер таяу арада Арменияның экспорты екі еселеп өссе онда оның жалпы ішікі өнімі 30-дан 40 пайызға шейін көтерілген болар еді.

Ал қазіргі кезде Арменияның жалпы ұлттық табысы 2 миллиард долларды құрайды, Әлемдік Банктің сенімінше егер батыстағы түрік-армян шекарасы және шығыстағы әзірбайжан-армян шекаралары ашылар болса онда ол қосымша 500 миллион доллардың көлеміндегі пайда түсірер еді. Бірақ елбасын қолдаушы Дашнакцутюн партиясы егер шекара ашылар болса онда, түрктің арзан заттары ішкі базарды толтырып, жергілікті өнім шығарушылар мен іскерлерге қатты соққы болады деп ескертеді.

Түркияда көптеген саясаткерлер Ереванмен байланыстар құрмас алдын олар Әзірбайжанан 1993-інші жылы тартып алынған Таулы Қарабақ өлкесі қайтарылуы тиіс деуде. Сондай-ақ, Түрік-армян қарым-қатынастары Әзірбайжанныңда алаңдаушылығын тудыруда. Бұл турасында Тавитянның пікірі мынандай:

“Шекараны қайтадан ашуға басты қол байлау болып отырған ол Әзірбайжан. Егер Түркия Арменияға блокадасын алып тастаса онда Әзірбайжан Арменияға негізгі қысымынан айырылады. Сондықтан Әзірбайжан Түркияға қысым жасайды, блокада егер Армения екі жақтан қоршауға алынса ғана оның нәтижесі болады.”

Талдаушылардың айтуынша, Түркия мен Армения арасындағы қалпына келтіріліп келе жатқан қарым-қатынастар Анкара өзінің Бакуге көз қарасын өзгертеді деген сөз емес.
XS
SM
MD
LG