Accessibility links

Назарбаев: Әлемдегi ең әдемi кешендердiң бiрi бой көтерiп келедi

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев шiлденiң 29-ы күнi Астананың келешек жаңа орталығын аралап, ондағы бас ғимараттар --Президент сарайының, Парламент Сенаты және Мәжiлiсiнiң жеке ғимараттары, сондай-ақ, Үкiмет үйiнiң құрылыс алаңдарында болды.

Президент сарайы 2003 жылы желтоқсанның 16-сы-Қазақстан Республикасы-ның тәуелсiздiгi күнi пайдалануға берiлмек. Аумағы 1700 шаршы метрдi алып жатқан, бес қабатты бұл ғимаратқа Тәуелсiз елдер достастығында балама жоқ деседi.

Онда мәжiлiс залдары, салтанат залы, баспасөз мәслихатына арналған орындар және қысқы бақ орналасатын болады. Ал Президент сарайының қарсысында салынып жатқан Үкiмет үйi 21 қабаттан, Мәжiлiс ғимараты 22 қабаттан тұрады. Бұлар алдағы жылдың наурыз айларында пайдалануға берiледi.

Нұрсұлтан Назарбаев Есiлдiң сол жағалауындағы құрылыс алаңдарын аралап шыққаннан кейiн: «Әлемдегеi ең әдемi кешендердiң бiрi бой көтерiп келедi!» - деп мәлiмдедi.
XS
SM
MD
LG