Accessibility links

Астанада тұратын екi жүздей оралман “Ақжол” партиясына мүше

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

Шiлденiң 29-ы күнi «Ақжол» партиясы Астана қалалық ұйымының төрағасы Қалиахмет Бимахимов оралмандардың бiр тобына партия мүшелігі билетiн тапсырды.

Бимахимов мырза партияға жаңадан қабылданғандарды қалалық мәслихат сайлауы кезiнде белсендi болуға, яғни, «Ақжол» партиясының сайлауға түсетiн мүшелерiне жаппай дауыс беруге шақырды. Оның пiкiрiнше, Астана қаласының екi түрлi әлпетi бар.

Бiрiншiсi - шiрiген байлық, екiншiсi - кедейлiк. Бимахановша айтқанда: «Ақжолдықтар қалалық мәслихатқа өткен жағдайда, осы теңсiздiктi жою үшiн күреспек». Ол сөз арасында Астанадағы ақжолдықтар санының оралмандар есебiнен өсiп отырғандығын үлкен жетiстiк деп бағалап, сайлау өткеннен кейiн оралмандар мәселесiне шындап кiрiсетiндiктерiн айтып өттi.

«Ақжол» партиясы билiкке жетсе, аузың аққа тиедi деген сыңайдағы бұл әңгiме сайлау алдындағы үгiт-насихатқа ұқсап кеткенмен, оралмандар да «Ақжол» партиясына үмiт артатындықтарын бiлдiрдi. Партияға алғаш кiргендердiң бiрi Лашын Боқанқызы: «Ақжол» - оралмандар мәселесiн бағдарламасына енгiзген бiрден-бiр саяси партия, оған көптеп өтуiмiздiң себебi сондықтан», - дедi. Бүгiнде Астана бойынша «Ақжол» партиясы мүшелерiнiң саны 1700 адамға жуықтаса, оның екi жүздейi оралман екен.
XS
SM
MD
LG