Accessibility links

Францияның ресмилері хабарлағандай, Францияның оңтүстігінде орманды жасыл алқаптарда қатты өрт болып, тілсіз жау 8 мың гектарды жайлап кеткен.


Онда екі британдық бір польшалық азамат барлығы үш турист қаза болған. Сонымен бірге көптеген үйлер өртеніп, жергілікті халық пен саяхатшыларды ол жерлерден тез арада алып кету қажет болған. Билік басшылары 30-шақты жерде бір сәтте басталған өртті біреулер қолдан жасады деп отыр. Себебі әр жерден ішінде өртенгіш сұйық бар бірнеше құмыра табылған. Францияның ішкі істер министрі Никола Саркози мұны экологиялық терроризм деп атады. Өртті өшіруге жүздеген өрт сөндірушілер тартылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG