Accessibility links

Хьюман Райтс Уотч халықаралық құқық қорғау ұйымы Ауғанстанның дала командирлерін халықты қорқытып-үркітіп, елдегі жағдайды тұрақсыздандырып отыр деп айыптады.


Хьюман Райтс Уотч ұйымы өкілінің атап көрсетуінше, Ауғанстандағы адам құқықтарын бұзушылықты 2001 жылы АҚШ пен оның одақтастары талиб режимін құлатқан соң билікке келген, әскери командирлер мен құрылымдар жасап отыр. Құқық қорғаушылар АҚШ, Ұлыбритания, Иран мен Ресей және басқа да елдерді жергілікті халықтың құқын бұзып отырған ауған командирлері мен жетекшілерін қолдауды тоқтатуға шақырды. Хьюман Райтс Уотч ұйымының Нью-Йоркте жарық көрген баяндамасында ауғандық жасақтар мен полицейлерінің жасаған көптеген заңсыз тұтқындау, ұрлық пен зорлық фактілері тіркелген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG