Accessibility links

АҚШ өкілі Ричард Майерс Бағдад пен Тикрит аралығын соғыс аймағы деп атады.


АҚШ-тың бірлескен комитеті жетекшілер штабының басшысы Ричард Майерс Ирақтың орталығы болып саналатын Бағдад пен Тикриттің аралығын соғыс аймағы деп атады. Майерстің сөзіне қарағанда, елдегі қауіпсіздікті бұзу жағдайларының 80 проценті осы Тикрит пен Бағдад арасындағы аймақта болады. Кеше Бағдадта тағы бір американ сарбазы қаза болды. АҚШ презденті Ирақтағы соғыс операциялары аяқталды деп жариялаған 1-ші мамырдан бастап, бұл жерде 50 америка әскері қайтыс болған. Бүгін түнде Тикритте ұзақ жылдар Саддам Хуссейннің оққағары болған Аднан Абдулла Абид әл-Муслит ұсталды.
XS
SM
MD
LG