Accessibility links

50 жыл бұрынғы Корей келісімі


Бұдан 50 жыл бұрын Корей түбегіндегі соғыс тоқтатылды. Қырғи қабақ соғысы дәуірінде орын алған сол жанжалдың тарихи сабақтары қандай болды?

Солтүстік Корея әскерлері 1950-ші жылдың маусым айында Оңтүстік Корея жеріне басып кірген болатын. Оңтүстік Кореяны қорғау мақсатында, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен АҚШ бастаған коалициялық күштер соғысқа араласқан еді.

Сол жанжалда үш миллион адамның жаны қиылып, үш жыл бір айдай уақыт жұмсалды. Кейін бұл жағдайға сол кездегі Құрама Штаттарының елбасы Харри Труман БҰҰ-ның “полициялық шаралары” деп баға берген болатын. Ал, 1953-ші жылдың 27-ші шілдесі, жексенбі күні екі ел арасындағы әскери шараларды тоқтату жөніндегі шешімге қол жеткізілген еді.

Кембридж университетінің тарихшысы Филип Тоуелдің Азаттық радиосы тілшісіне айтуынша бұл соғыста елбасы Труманның доктринасы сынақтан өткендей болды. Яғни коммунистік әрекеттерге қарсы күресте АҚШ күштері тәуелсіз елдерді қорғауға араласа алады екен. Сол 1953 жылы қол қойылған соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісім одан кейінгі 50
жыл ішінде еш уақытта ресми дәрежедегі бейбіт келісімдерге ұласқан емес. Ал, қазіргі кезде ресми Пхенянның ядролық қарулану бағдарламасы Корей түбегіндегі қиын түйіндерді қайтадан су бетіне шығарып отыр. Өзінің ядролық қаруларын күшейтіп жатқандығын Солтүстік Корея елі АҚШ тарапынан болуы мүмкін империялистік қауіптерге қарсы шаралар-, деп түсіндіріп отыр.

Соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісімдер тұсында АҚШ пен Оңтүстік Корея өзара түбірімен келіспеушіліктерге барған еді. Себебі, Труманнан кейін Құрама Штаттарының мемлекет басшылығына келген Дуайт Ейзенхауер мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысқан болса, ал сол кездегі Оңтүстік Корея елбасы Сингман Рхи өкіметі соғысты одан әрі күшейтіп, коммунистерді жеңіп, нәтижесінде қос Кореяны біріктіруге ұмтылған еді.

Бұл күндері болса, жағдай басқаша-, дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісіне берген сұхбатында саяси талдаушылар. Оңтүстік Корея өз кезегінде ядролық қарулануға байланысты Солтүстік Кореямен келіссөздерге баруға тырысуда. Сондай-ақ ресми Пхенянның ядролық қарулануына байланысты жағдайды АҚШ елбасы Буш әкімшілігі асыра суреттеп отыр-, дейді Сеул өкілдері. Кембридж университетінің тарихшысы Тоуелдің пікірінше Құрама Штаттарының Корей түбегіне қатысты жүргізіп отырған саясатының қолапайсыздығы қос Корей елінде Америкаға қарсы сезімдерді туындатуда.

“Тағы бір назар аударарлық жағдай, оңтүстік кореялықтар арасында: “Қазіргі қалыптасып отырған оқиғаға Вашингтон әкімшілігі толықтай назар аударып отырға жоқ”-, деген түсінік бар. Сондай-ақ: “Солтүстік Кореялықтармен қалай іс жүргізуді біз жақсырақ білеміз”-, деген сезім ресми Сеулде орын алып отыр”, - дейді Тоуел мырза.

АҚШ және Оңтүстік Корея елбасылары қазіргі кезде ресми Пхенянның ядролық қару бағдарламасына орай мәселені дипломатиялық жолмен шешуге бірнеше елдің қатыстырылуын қолдап отыр.

“Оңтүстік Корея елі қазіргі кезде анти-aмерикалық сезімдері күшейіп тұрған елдер қатарына жатуда. Менің ойымша, әсіресе Құрама Штаттарының елбасылығына Джордж Буш келгеннен кейінгі аралықта”, - дейді Британияның Иссекс университетінде сабақ беретін, Батыста білім алған оңтүстік кореялық экономист Ким Биоң Йен.
XS
SM
MD
LG