Accessibility links

“Қазтрансгаздың” автоматтандырылған жүйесі

  • Гүлмира ХАМЗА

“Қазтрансгаз” компаниясы магистралдық құбыр желілерін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр.

«Қазтрансгаз” компаниясы магистральдық құбыр желілерін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде, деп хабарлады 29 шілде күні Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігі.

Бұл бірегей жүйені “Қазтрансгаздың” еншілес құрылымы “Интергаз Орталық Азия” компаниясы енгізуде делінген мемлекеттік компанияның бүгінгі ақпаратында.

Бұл жүйе коммуналдық-тұрмыстық және өндіріс орындарына газ жеткізу және газбен қамтамасыз етуді сенімді және тиімді түрде қамтамасыз ету, халықаралық транзитті жүзеге асыру үшін магистарлдық газ құбырларын басқаруды автоматтандыру мақсатында енгізілмек.Магистралдық газ құбырлары транспорт, газды жерасты сақтау, газды тарату нысандарын қамтитын өте күрделі өндірістік-техникалық кешенді құрайды.
XS
SM
MD
LG