Accessibility links

“Алматы Пауер Консолидеитед” компаниясы өнімі


“Алматы Пауер Консолидеитед” компаниясы өндірген өнімнің сапасы алтын медальға лайық деп табылды.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тәуелсіз Business Inititived Directions (B.I.D) ұйымы тарапынан жыл сайын өткізілетін марапаттау шарасында “Алматы Пауер Консолидеитед” компаниясы өндірген өнімнің сапасы алтын медальға лайық деп табылды. Бұл туралы шілденің 29 ы күні АПК-ның баспасөз қызметініен хабарлады.

Тәуелсіз Business Inititived Directions (B.I.D) ұйымының президенті Хосе Прието АПК-ның бас директоры Дамир Есжановқа алтын жұлдыз категориясының диплом сертификатын табыс еткен.

(B.I.D) – дүниежүзінде сапа мәдениетін қолданысқа енгізу және оны дамыту жөніндегі 30 жылдық тарихы бар, халықаралық тәуелсіз ұйым. Бүгінгі дейін бұл ұйымның сыйлығына дүниежүзінің 166 кәсіпорны ие болыпты.
XS
SM
MD
LG