Accessibility links

Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы жаңа жобаны іске асырды


Қазақстандағы саяси-әлеуметтік сала бойынша сарапшылар, зерттеушілер және талдаушылар туралы үлттық мәлімет базасын құру жобасын іске асырғандығы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Шілденің 29-ы күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз орталығында Қазақстан саяси ғылымдар ассосиациясы Еуразия қорының қолдауы және АҚШ Халықаралық Даму агентігінің қаржыландыруымен Қазақстандағы саяси-әлеуметтік сала бойынша сарапшылар, зерттеушілер және талдаушылар туралы үлттық мәлімет базасын құру жобасын іске асырғандығы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында осы жобаның мақсаты туралы Қазақстан саяси ғылымдар ассосиациясының басқару кеңесінің төрағасы, жобаның директоры Ерлан Қарин былай деді:

- Қазақстанда саяси-әлеуметтік салада өз көзқарас, пікірін еркін, ашық айта алатын сарапшылар мен талдаушылар және зертеушілер туралы мәлімет қорын жасадық. Бұнда Алматы мен Астанадан басқа бес облыс орталықтарында тұратын адамдардың мәлімет қорын дайын еттік.

Ұлттық мәлімет базасын құрушылар бұл жоба Қазақстандағы саяси процесстердің қоғамдық және ғылыми сараптамасын көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуы арқасында дамытуға көмектеседі деген пікір білдіріп отыр.

Ұлттық мәлімет базасы екі түрде құрылған: Оn-line интернет жүйесі ретінде Қазақстан саяси ғылымдар ассосиациясы сайтында www.kpsa.kz және электрондық версиясы SD-ROM да.
XS
SM
MD
LG