Accessibility links

Ресей Европа одағымен өзара байланыстарды кеңейте түспек.


Ресей президенті Путин мен Италия бас министрі Сильвио Берлускони сейсенбі күні Мәскеуде келіссөздер жүргізіп, Ресейді Евроодаққа жақындастыру мәселелерін талқылады. Евроодақтың кезекті президенті Берлускони Ресейдің бұл Одақпен өзара жақын ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға көмектесуге ынталы болып отыр. Ресей және Италия жетекшілері орыс азаматтары үшін Еброодақ елдеріне бару визасын алудағы жеңілдік мәселесін қарастырды. Путин Берлускониге жасап отырған қолдауы үшін рахметін айтып, өзара сауда-сыттықты нығайту қажет деді Бұл мәселеге орай Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Алексндр Яковенко,

"Ресей үшін Италиямен және Евроодақпен өзара саяси ынтымақтастық байланыста болу қажет", - деді.

Яковенконың пікірінше, Ресей, Италия, Евроодақ арасындағы үш жақты диалог-кеңестердің бұл мәселедегі орны ерекше.
XS
SM
MD
LG