Accessibility links

Ирақтағы үкіметтік уақытша басқару кеңесі жетекші орган – Президиумды сайлаған.


Президиум 9 адамнан тұрады. Кеңес өкілі Хошияр Зебаридің айтуынша, олардың 5-уі - шииттер, 2еуі - сүнниттер және қалған екеуі - күрд қауымы өкілдері. Уақытша билік кеңесі қабылдайтын шешімнің кейбірі , міндетті түрде, АҚШ-тың Ирақтағы әкімі Пол Бремердің мақулдауынан өтуі тиіс. АҚШ жеткшілігіндегі әкімшіліктің мәліметтеріне қарағанда, Ирақтағы бір күндік мұнай өндірісі қазіргі кезде бір млн. баррелге жеткен. Ал ол мұнайды сатудан түскен қаржы Ирақтағы қайта құру шараларына пайдаланылмақ.
XS
SM
MD
LG