Accessibility links

Таяу шығыс мемлекеттерінің бірқатар теле арналары Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хусейндікі делінген дыбыс жазбасын жариялады.


Ол таспада Саддам Хусейн, өз ұлдары Ұдай мен Құсайдың қазасына орай аза сөзін айтып, АҚШ Ирақта бәрібір жеңіліске ұшырайды депті. Саддамның даусы жазылған делінген ол дүниелерді Дубайдағы Ал-Арабия және Қатардағы Ал-Жазира теле арналары таратқан. Таспадағы Саддам дауысы "Ұдай мен Құсай Мосул қаласындағы Америка күштерімен болған шайқаста ерлікпен қаза тапты" дейді. Әзірше, ол таспадағы дауыстың Саддамдікі екендігін, АҚШ барлау агенттігі мойындай қойған жоқ.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG