Accessibility links

АҚШ 2001 жылғы қыркүйектегі террорлық шабуыл жөніндегі конгрестік баяндаманы жариялау туралы Саудия үкіметінің өтінішін орындамады.


Президент Буш Саудияға қатысты мәліметтердің жария етілуі - Әл-қаидалықтардың іс-тірліктері бойынша жүргізіліп отырған тергеу шараларына кедергі болады деген.

- Біз Әл-қаидалықтарға қарсы соғысты әлі аяқтаған жоқпыз. Сондықтан 900 беттік құжаттағы деректерді әзірше аша алмаймыз. Құпия мәліметтер тарап кетсе, терроршылықпен күрес қиынға түсер еді, - деген Джордж Буш.

АҚШ Конгресі өткен аптада жасаған баяндамадағы 28 беттік дүние Сауд Араб еліне қатысты сындар еді. Ақ үйде президент Бушпен сейсенбі күні кездескенде Сауд араб елінің сыртқы істер министрі Сауд ал-Файзал міне осы құжатты сұраған .. АҚШ-тық ресмилер қыркүйектің 11-і күні Нью Йорк пен Вашингтонда террорлық шабуыл жасаған 19 адамның 15-і Сауд арабиялықтар және Ал-қаидалық террорлық ұйым мүшелері деп есептейді.
XS
SM
MD
LG