Accessibility links

АҚШ президенті Буш: Палестиннің тәуелсіз аутономиялық мемлекеттік мәртебесі терроршылық әрекеттерінің тоқтатылуына байланысты.


Президент Буш Израиль бас министрі Ариел Шаронмен келіссөздер өткізгеннен соң Ақ үйде былай деді:

"Бейбіт Палестин аутономиялы мемлекетінің құрылуы және Израиль халқының қауіпсіздікқжағдайда өмір сүруі үшін террорлық топтарды жойып, өзара жек көрушілік сезімдерінен арылу қажет".

Буш Израиль үкіметінің бейбітшілік жолында жасап отырған игі әрекеттеріне өзінің риза екендігін білдірді. Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде Ариел Шарон Израиль Батыс жағалаудағы дауға себеп болған қауіпсіздік қабырғасын салуды жалғастыра береді деді. Ол қабырға жөнінде президент Буш "бұл қиын мәселе" десе, палестиндіктер оған бүтіндей қарсы. АҚШ-қа, Ариел Шаронға дейін, өткен аптада Палестин бас министрі Махмуд Аббас келіп кеткен болатын. Палестина ақпарат министрі Набил Әмір Франс пресс агенттігіне, Шаронның Ақ үйдегі мәлімдемесі өте нашар болды деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG