Accessibility links

Жапондық жоспар бойынша судың ысырап болу проблемасы түпкілікті шешілмек

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан мен Жапония арасындағы жасалған келісім-шарт бойынша алынатын 161 миллион доллар қаржыны игерудің кешенді жоспарын жасады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жапондық мамандар арнайы жасаған жоспар бойынша 2004-2008 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Осы уақыт аралығында 100 шақырым су құбырларын тарту, 21 шақырым кәріздік коллекторлар салу, жаңа тазарту қондырғыларын орнату, Талдыкөл көлін кептіру қолға алынбақ. Алдағы қыста осы шараларды атқарушыларға тендер жарияланады. Есілдің сол жағалауындағы атқарылатын негізі жұмыстар да осы қаржының үлесінде. Қазірдің өзінде сол жағалауда 5 кәріздік стансаның, құны 305 миллион теңгелік 1 үлкен сорғыш стансаның құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Жапондық жоспар бойынша судың ысырап болу проблемасы түпкілікті шешілмек. Әсіресе, қыс кезінде құбырдың тесілген жерін анықтау оңайға түседі. Бұл апат болған жағдайда жылдың қай мезгілінде болмасын, тұрғындардың сусыз қалмауына мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG