Accessibility links

Тәуелсіз бақылыушылардың республикалық жүйесі


Тәуелсіз бақылыушылардың республикалық жүйесі алдағы мәслихат сайлауына орай Қазақстан баспасөз орталығында журналистерді бірқатар ұсыныстармен таныстырды

Сәрсенбі күні тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өткізген мәслихатта негізгі мақсаттың бірі - Қазақстандағы барлық деңгейдегі сайлауларға ұзақ мерзімді бақылау жүргізетіндігін хабарлады. ТБРЖ осы міндеттеріне сай, бақылаудың шарттары мен жолдарын дайындайды.

Осы шарттардың негізінде облыстық үйлестірушілерге арналған сауал кестелер жасалған. Облыстағы үйлестірушілер әр апта сайын соны толтырып, орталыққа жібереді. Бақылауға ТБРЖ қауымдастығына мүше болып табылатын республиканың 9 облысының және үш қаласының ұйымдары қатысады. Ұзақ мерзімді бақылау 14 шілдеден басталып, 18 қыркүйектегі сағат 24.00-ге дейін жүреді.

Тәуелсіз бақылаушылардың алдағы жұмысы туралы осы жүйенің президенті Дос көшім «Азаттық» радиосы тыңдаушыларына былай деді:

- Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесі елдегі мәслихат сайлауына ұзақ мерзімді бақылауды бастады. Соған байланысты алғашқы түскен мәліметтерден есеп бергелі отырмыз. Себебі Қазақстанда мұндай бақылау әлі күнге дейін болып көрген жоқ. Біз үш бағытта бақылау жүргізгелі отырмыз. Біріншіден, кандидаттардың теңдігі, бәріне бірдей жағдай жасалып жатыр ма. Екіншіден, ОСК шығарған күнтізбелік жоспар бар, сол кестені бақылап отырамыз. Үшіншіден, кандидаттардың сайлау барысындағы заңды ұстауын, заң нормаларын сақтауын бақылаймыз.

Ұзақ мерзімді бақылау жүргізілген алғашқы екі аптаның ішінде сайлау комиссияларын жасақтау ережесінің бұзылғандығы анықталды. Сайлау комиссияларының құрамындағы төраға мүшелеріне әкімшіліктің басшы қызметкерлерін тағайындау әрекеттері көзге түскен.Осыған орай Дос Көшім бірқатар фактілерді алға тартты.

Жалпы алғанда, республика бойынша 8184 адам сайлауға қатысуға тілек білдірген.

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі мынандай ұсыныстарды алға тартады:

- Сайлау комиссияларын жасақтауда қызмет орны бойынша бір-біріне тікелей бағынышты адамдарды бір сайлау комиссиясына енгізбеу; жергілікті өкілдік органының қызметкерлері сайлау комиссиясына мүше болмауы керек; ОСК мен жергілікті билік органдары бірлесе отырып, сайлау комиссияларында кандидаттарды тіркеуде талап етілетін құжаттар тізімі мен нормативті актілерді дайындап шығару керек. Ол құжаттар ҚР-ның барлық жерінде бірдей болуы шарт.
XS
SM
MD
LG