Accessibility links

Қазақстан президенті Түркия премьер-министрімен сөйлесті

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Қазақстан Президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев шілденің 29-ы күні Түркияның премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі деңгейіне көңілдері толатындықтарын білдірген тараптар, өз елдеріндегі қазіргі экономиканың ахуалы туралы пікір алысқан.

Сонымен қатар Иран, Ирақ және Ауғанстандағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі талқыланып, қазақстан-түрік үкіметаралық комиссиясының кезекті мәжілісін өткізу келісілген.

Реджеп Ердоған биылғы жылдың соңын ала Түркияда халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясы өткізілетінін айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық бейбіт диалог орнату мақсатында Астанада әлемдік діндер съезін өткізу ойын құптап, жоғары баға берген.

«Қазақстан Президенті Түркия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды», - делінеді аталған ақпарат көзінің хабарында.
XS
SM
MD
LG