Accessibility links

Тіркелмей қалған 19 үміткердің 12-сі Атырау облысында

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Қазақстан Орталық сайлау комисиясының шілденің 30-ы күнгі мәліметіне қарағанда, республика бойынша жергілікті мәслихаттардың депутаттығынан үміткер 8184 адамның 2677–сі тіркеуден өткен.

Олардың 716-сы облыстық мәслихаттарға үміткер болса, Атырау облысынан 6, Алматы облысынан 2 адам тіркеуден өтпей қалған. Ал аудандық мәслихаттарға республика бойынша 1158 адам адам тіркеліп, 16 үміткер өте алмапты.

Олардың 9-ы Ақмола облысынан. Қалалық мәслихаттарға –803 адам тіркелген. Осы деңгейдегі үміткерлерден тіркелмей қалғандар республика бойынша 11 адам. Оның 6-ы тағы да Атырау облысынан. Атырау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Агипов мырзадан облыстық, қалалық мәслихаттарға үміткер болған барлығы 12 адамның неліктен тіркелмегенін сұрағанымызда, ол:

«Бұдан астар іздеп қажеті жоқ. Олардың түгелі де өтініш жазып, сайлауға түсуден бас тартты», - деді.

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз баянында саяси партиялардан тіркелген үміткерлер жайында еш мәлімет жоқ. Орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов мырзаның айтуынша, ондай деректердің әзірге қажеті шамалы, уақыты жеткенде бәрі белгілі болады. Жергілікті мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлерді тіркеу сайлауға 40 күн қалғанда, яғни тамыздың 10-ы күні тоқтатылады.
XS
SM
MD
LG