Accessibility links

АҚШ-тың İшкі қауіпсіздік мәселелері бойынша хатшысы Том Ридждің айтуынша, соңғы күндері әуе сақшылары ықтималды террорлық шабуылдарға қарсы дайын тұр.


Мұндай шара, АҚШ-тық ресми басшылық елдегі және шетелдегі америкалықтарға , Әл-қаидалықтардың ықтималды террорлық шабуылы жөнінде ескерткеннен кейін ұйымдастырылып отыр.

Дегенмен Америка әуе кеңістігіндегі ұшақтарды қорғау мүмкіндігі жөнінде ешқандай дерек берілмеген.

Ал президент Буш барлау қызметі мәліметтеріне сүйеніп, Әл-қаида ұйымы өз террорлық шабуылдары кезінде тағы да ұшақтарды пайдалануы мүмкін деген болжам айтқан.

- Әлі де Америкаға қарсы соққы дайындап жүрген Әл-қаиданың қалдықтары баршылық. Бірақ дұрыс жаңалық та бар.

Біріншіден , біз Әл-қаида ұйымын жою алдында тұрмыз.

Екіншіден ол ұйымның кісілерін тұтқындаған сайын, біз Әл-қаидалықтар жөнінде барынша көбірек деректерге қол жеткізіп отырамыз. Қауіптің аты – қауіп. Біздегі бар мәліметтерге қарағанда, терроршылар шабуыл үшін халықаралық бағыттағы жолаушы ұшақтарын пайдалануы мүмкін, -
дейді президент Буш.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG