Accessibility links

АҚШ президенті Буш Ирақтағы Саяси кеңес жұмысын қолдап отыр.


Ирақтың бұрынғы жетекшісі Саддам Хусейннің балаларының өлімінен кейін, президент Буш, енді Ирақ халқы Баас партиясы режимінің түгелдей күйрегеніне сене берсе де болады деген.

Бұл арада Ирақ үкіметінің Саяси кеңесі кезектесіп отыратын перзидент таңдау мәселесіне кірісті. Әліпбилік тәртіп бойынша, ай сайын алмасып отыратын президенттік тоғыз үміткерлік орынның біріншісіне, алғашқы жетекші болып Ислам Дауа партиясынан, шиит мұсылманы Ибрахим ал-Жаафари ұсынылды.

Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті әзірше Саддам Хусейннің ұсталуы жөнінде бірдеме айту қиын, бірақ АҚШ әскери күштері тақтан құлатылған ол басшыны табуға жақындап қалды деген:

- Мен Ирақтағы қару-жарақ жөніндегі болжамның шын болып шығатындығына сенемін. Саддамның жаппай қырғын қарулар бойынша бағдарламасы болған.

Сіздерге айтарым, Саддам ол қаруларды кезінде өз халқына қарсы қолданған. Біздің бұл соғысқа кіргеніміз үшін қажетті түсініктеме, дәлелді тарихтың өзі уақытында береді, -
деген президент Буш.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG