Accessibility links

Бүгін Ирақтағы американ-британ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер Ирақта алдағы жылдың ортасында жалпы сайлаулар өтетін болады деп мәлімдеді


Ол сондай-ақ Ирақтың жаңа Конституциялық заңының дайындалып, референдумға шығарылуы өте маңызды екенін атап өткен. Бұл елде халықтың өздері таңдаған басшылары болған кезде одақтастар барлық тізгінді өз қолдарына беретін болады деді Бремер. Сәрсенбі күні этникалық және діни топтың 9 өкілінен тұратын Ирақтың Басқару кеңесін оның төрағасы ауыспалы негізде басқаратын болады деп хабарланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG