Accessibility links

Маңғыстау облысында оба ауруы деген күдікпен 135 адам ауруханаға жатқызылды


Маңғыстау облысында оба дертінің таралуына байланысты төтенше жағдай орын алып отыр.

Эпидемияға жол бермеу мақсатында Маңғыстауға Республикалық СЭС-тің бас дәрігіері Кеңес Оспанов бастаған ҚР денсаулық министрлігінің өкілдері мен карантиндік және жұқпалы аурулар жөніндегі ғылми зерттеу орталығының кеңесшілерінен құралған топ келіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Шілденің 31-і күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Маңғыстау облыстық санитарлық- эпидемологиялық бақылау департаментінің төрағасының орынбасары Нұрлан Әбуғалиев бүгінгі күн жағдайымен облыста осы оба дерті ауруымен ауырған 3 адамның анықталғандығын ал осы ауруды жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен 135 адамның ауруханаға жатқызылғандығын айтты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында обaға шалдыққан түйе сойылған. Сойысқа 10 адам қатысқаны белгілі болды. Оның үшеуі оба дертін жұқтырғаны анықталды. 320 мың адам тұратын Маңғыстау облысының аумағы обаның табиғи ошағы саналады. Індет аумағын анықтап сондағы кеміргіш тышқандар мен бүргелерді жою үшін облыс әкімшілігі 33 миллион 160 мың теңгенің қаржысын бөлген.
XS
SM
MD
LG