Accessibility links

Алматыда «Азия даусы –2003» атты халықаралық фестиваль басталды

  • Гүлмира ХАМЗА

Алматыдағы Метро спорт ойын-сауық орталығында «Азия дауысы-2003» 14-ші ән байқауына қатысушы үміткерлерге арнап жеребе тасталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Онда сөз алған «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің Бас директоры Мұрат Ерғалиевтың айтуынша, биылғы байқаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Үш күнге созылатын ән бәйгесіне қатысатын әр үміткер сахнаға өзі жеребе арқылы таңдаған нөмірімен шықпақ. Жеребе тастау күн сайын өткізіледі. Бүгінгі жүргізілген жеребе қорытындысына сәйкес, фестивалдың беташарын македониялық әнші Славиша Кибровски ашатын болды.

Ал, осы байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын Нұрділлә Сәрсенбаев көрермендер алдына 8-ші, ал, Маржан Араббаева 14-ші болып шықпақ. Қатысушылардың ішінен Алматыға ең соңғы болып келген, жеребе беташарын ашқан литвалық Адомс сахна төріне 11-ші болып көтерілмек. Ән байқауының ертеңгі күнгі шымылдығын чехиялық әнші Элис Конечна жабады.
XS
SM
MD
LG