Accessibility links

Путин әлі де Ресейдегі ең беделді саясаткер

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ресейдегі сауалнама натижелері көрсеткеніндей Владимир Путин бүгінде Ресейдегі ең беделді саяси қайраткер.Егер де президенттік сайлау дәл кәзір өтер болса, онда Путин екінші мерзімге оп-оңай сайланатыны анық болып отыр.Бұның сыры неде?

Президент Владимир Путин бүгінгі таңда Ресейдегі ең беделді саясаткер болып отыр деп жазады радиомыздың талдаушысы Валентинас Мите.Бұны Ресейдегі Халық пікірі атты бейресми ұйым анықтап отыр.Осы ұйым өткізген сауалнама нәтижесі бойынша егер дәл кәзір президенттік сайлау өтер болса Путин жеңіске жетпек.Өйткені сауаланмаға тартылғандардың 49 пайызы өз дауыстарын Путинге берер едік деген.Коммунистер көсемі Зюгановқа 13 пайыз дауыс тиген. Ал, қалған беделді деп жүрген қайраткерлер мүлдем мардымсыз дауыс жинаған. Ресейде келесі президентік сайлау алдағы жылдың 14 наурызында өтетіні белгілі.

Осыдан небары 4 жыл бұрын Ресей Путин дегенді білмейтін.1999 жылдың тамыз айында оны сол кездегі президент Ельцин Ресей өкімет басы етіп тағайындады.Сол жылдың желтоқсанында Борис Ельцин өз еркімен қызметті тастағаннан кейін Путин оның орнын басты.Ал, 2000 жылдың наурызында болса жалпыхалықтық сайлауда Ресей президенті болып сайланды. Сонымен, небары 4 жыл ішінде Путиннің Ресейдегі ең беделді саясаткер деңгейіне көтерілуінде не сыр жатыр?

Талдаушылар оның сыры Ресейдің экономикалық жағдайының жөнделе бастауында, екінші жағынан өкіметтің бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнатуында деп біледі.

Мәскеудегі Карнеги орталығының талдаушысы Николай Петров Путин билік басына сәтті тұста келді дейді. Ол тұста 1998 жылғы экономикалық дағдарыс аяқталып, қуат көздерінің бағасы қымбаттай бастаған еді дейді:

"Бұл өзі 1998 жылғы дағдарыстан кейін мұнай табыс әкеле бастаған экономикалық сәтті тұс еді.Экономикалық дамуды әркім-ақ сезіне бастаған тұс еді"

Ресей экономикасына түсетін табыстың 40 пайызы осы қуат көздерінің экспортынан түсті.Бұл көрсеткіш әлі де сол күйінде өзгермей келеді. Мәскеудегі саяси технология орталығының маманы Дмитрий Орлов болса Путиннің тұсында жүзеге асырылған салық реформасы да экономиканың жандауына септігін тигізді деп біледі.Британияның Бирмингам университетінің маманы Джулиан Купердің ойынша Путиннің беделін көтерген де осы Ресей экономикасының жандана бастауы көрінеді:

"Халықтың басым көпшілігі бірнәрсені жақсы сезінген – яғни осыдан 3-4 жыл бұрынғы Ельцин дәуірінің аяқ кезімен салыстырғанда тұрмыстың түзеле бастағанын сезген."

Купер Ресей халқы алдымен жалақысын содан кейін барып қана саясатты ойлайды дейді.Сондықтан да, халық Путиннің Шешенстандағы соғысты тоқтатамын деген уадесін ұмытты дейді. Шешенстанда соғыс тоқтаған жоқ.НАТО болса Ресей шекарасына жетті.Ирақты қорғап айқай салған Ресейді ешкім тыңдамады. Ирақ соғыс табанында қалды. Бұл үшін бораған сынға ұшырауға тиіс Путин алдын-ала сын айтатын телеарналардың үнін өшірумен айналысты.

Нәтижесінде Путинге деген Ресей халқының махаббаты аман қалды дейді талдаушылар.Орыс талдаушысы Николай Петров Путиннің ақпарат құралдарын ауыздықтауы оның халық арасындағы беделінің сақталуының басты кепілі дейді.Шешенстанда жүріп жатқан соғыс туралы сыни көзқарастағы пікір айтылмайтын болды дейді.Британдық талдаушы Купер болса оған қосылмайды:

"Ресейдегі ақпарат құралдары тек Путинді қолдап жатыр дегенге сенбеймін"

Лондондағы халықаралық мәселелермен айналысатын Патшалық Институт маманы Джеимс Никсей:

"Ол ішпейді.Ельцин тәрізді ел алдына шыққанда сенімсіздік тудырмайды.Осының арқасында ол соңғы жылдары беделге ие болды"

Никсейдің ойынша Ресей халқы өзінің ширақ та жас, айқын ойлайтын жетекшісіне разы, сондықтан да, оның орындалмай қалған кейбір саяси уәделеріне кешіріммен қарайды.
XS
SM
MD
LG