Accessibility links

Ирақтың мұнайға аса бай Киркук қаласы күрдтердің аймақтық астанасы болмақ.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШ көптеген жылдар бойы жауласып келген Масуд Барзанидың Күрдістан демократиялық партиясы мен Жалал Талабанидың Күрдістанның Патриотық одағы партияларын мәмілеге келтірді. Қазіргі таңда Ирақ күрдтерінің жағдайы қандай күйде?

1991 жылғы Шығанақтағы соғыстан соң Саддам Хусейн билігінің кезінде Ирақтың солтүстігіндегі күрд көтерісшлері мұнайға аса бай Киркук шахарына ие болған, қазір ол федералдық мемлекет ішіндегі өз астанасы етпек. 1990 жылдары Батыстың қорғауымен, әрі тәуелсіздікке талпыныс барысында Ирақтың солтүстігінде мыңдаған адамдардың өмірін әкеткен жауласушы екі күрд партиясы Масуд Барзанидың Күрдістан демократиялық партиясы мен Жалал Талабанидың Күрдістанның Патриоттық одағы партиялары өзара қырқысын тиды.

Ирақтың 25 адамнан тұратын Басқару кеңесінің өкілдері Барзани да, Талабани да сейсенбі күні 9 мүшеден тұратын ауыспалы елбасылар қатарында аталды.

" Біз Киркуктың Күрдістан астанасы болатындығына үміттіміз,"-дейді Күрдістан демократиялық партиясының ресми өкілі Қадыр Әзиз Жаббари, 1974 жылдан бастап Баас партиясы арабтандыруға тырысқан мұнайлы қалада.

Күрдістанның Патриотық одағы тағайындаған Сулеймания шахарының қалабасы Айса Шақ Норей бұл пікірді қуаттап,

- Күрдістан астанасы Киркук не Арбил болады,-деп мәлімдеді.

Күрдістан демократиялық партиясы мен Күрдістаның Патриоттық одағы Киркуктың күрдтерге тиесілі болғандығын дәлелдейтін тарихи құжаттарға ие, - дейді Жаббари,-Саддам Хусейн бұл қаланы арабтандырмақ болып, тіпті нәрестелерге күрд аттарын қоюға тиым салды, - дейді ол.

Киркукке ие болғанан соң, Ирақтың солтүстігіндегі ең үлкен қала Киркуктен 160 шақырым солтүстік батыста жатқан Мосулдан күрд ресми өкілдері бас тартты.

Қала маңында күрд ауылдары орналасқанымен Мосулда арабтар басым,-дейді Жаббари.

Өз мемлекеті, өз байрағы жоқ ең үлкен ұлттық топ 23 миллион күрдтер Иранда, Ирақта, Сирияда және Түркияда мекендейді, олар өз жағдайын шешу мақсатында АҚШ көкек айында Саддам билігін құлатқан шақтан белсенді әрекетке көшті.

Норей қалабасының айтуынша, өзіндегі күрд көтерілісшілерімен ондаған жылдар бойы қанды соғыстар жүргізіп жатқан Түркия, Ирандағы, Сириядағы және Садаммнан кейінгі Ирақтың күрд аймақтары қозғалысқа келе ме деп алаңдаулы, күрдтер өз кезегінде бұған үрке қарауда.

"Біз бейбітшілікті қалаймыз, бірақ түріктер бізге дос емес",-дейді Норей. "Соғыс Саддамды құлатқанын пайдаланып, түріктер Киркукты басып алмақ болды",- деп айыптайды Жаббари.

"Шілденің 4 күні Сулейманияда АҚШ қосындары қамауға алған 11 түрік жауынгері жақсы ниеттермен келген жоқ, олар арандатулар жасамақ болды", -дейді Жаббари.

Анкараның қатқыл талабына қарамастан, Құрама Штаттар қамауға алынған 11 түрік жауынгері "алаңдатушылық тудыратын" әрекеттер жасамақ болғанда сезікпен қамауға алынғанын хабарлады.

Ал Сулейманиядағы жағдайға келер болсақ : "Бұндағы қауіпсіздік жақсы және біз азық-түліктен ешқандай таршылық көріп отырғанымыз жоқ,біздің басты қиыншылығымыз ол 200 мыңнан 1 миллион 200 мыңға жан саны өскен қала тұрғындарының мұқтаждарын шешу," -дейді Норей. Сулейманияда одақтастар күзеттері жоқ, бірақ ауық-ауық қаладағы қонақ үйден арақ-шарап сатып алатын қосындар көзге шалынып қалады. Ирақтың жол сақшылары мен күрд жасақтары қаладағы көліктердің жүріп- тұруын бақылап тұрады, бұл Бағдадқа қарағанда көзге өзгеше көрінеді, онда қауіпсіздіктің жетіспеушілігі мен биліктің жетімсіздігі көзге шалынады. Күрд ресми өкілдері қаладан американдықтардың кетуін қалап отырған жоқ.

"Американдықтардың болғаны дұрыс, -дейді Күрдістанның Патриотық одағының саяси бюро мүшесі Омар Фаттах,-Біз болашақ үкіметтің әділ құрылғанын қалаймыз".
XS
SM
MD
LG