Accessibility links

Ирақтың басқарушы Кеңесі Ираққа алмаспалы президенттік қажет деп шешті


Құрама Штаттары тағайындаған Ирақтың Басқарушы Кеңесі осы Кеңестің 9 мүшесі өзара бір айдан кезектесіп президент болуы керек деп шешті.

Радиомыздың тілшісі Басқарушы Кеңестің бір мүшесімен сұхбаттасып осынау алмаспалы президенттік дегеннің мәнін түсіндіріп беруді өтінген еді.

АҚШ тағайындаған 25 кісіден тұратын Ирақтың Басқарушы Кеңесі екі аптаға созылған айтыс-тартыстан кейін Ирақты 9 кісіден тұратын алмаспалы президенттер басқаруы керек деген шешімге келді.Яғни 9 кісінің біреуі 1 ай басқарып билікті келесі кісіге беретін болады.

Соныңмен, Кеңес алдағы 1 айға президенттікке шииттердің Дава партиясының атынан медицина докторы Ибрагим Джафариді сайлады.Соныңмен, Джафари Кеңесті бір ай басқарып билікті келесі президентке өткізетін болады.

Екінші президент Ирақ Ұлтық Конгресінің төрағасы Ахмад Чалаби болмақ.Бейсенбі күні радиомыздың тілшісі Чарлз Рекнагел Кеңестің бір мүшесі Мауфовак Ал Рубаии мен сұхбаттасты.Ал Рубаии тәуелсіз құқық қорғаушы, Британияның патшалық докторлар Колледжінің мүшесі.Оның айтуынша Кеңестің алмаспалы президенттікке тоқтауы діни этникалық тұрғыдан әркелкі Ирақ халқының мудессін толық қамту керек деген ниеттен туындаған.Оған қоса Кеңестің құрамы кезінде қудаланып шетелден келген ирақтықтар мен жергілікті Ирақ зиялыларынан жасақталғаны да белгілі.

"Бір тоқтамымыз Кеңестің 25 мүшесі арасында алмаспалы президенттік жасау болса, екінші тоқтамымыз бір кісіні президент етіп сайлау болды.Бірақ бір кісіні сайлау қиынға соқты."

Ал Рубаиидың айтуынша Кеңес сайлаған президент ғұзыры тек әкімшілікпен шектелмек.Президент жұмысы негізінен Кеңесті жинап отырысты жүргізіп отыру дейді.

"Кейбіреулер Кеңес сайлаған президент Саддам Хусейннің тағын иеленеді екен, Ирақ президенті немесе өкімет басы болады екен дей бастады.Ақиқатында олай емес."

Ал Рубаидың айтуынша президент Кеңес төрағасы ретінде жиналысты шақырып күн тәртібіне қойылатын мәселелерді анықтап отыратын болмақ.

Кеңес басшылығының бұлай жылжымалы болуы екінші жағынан бұл басшылыққа тартылған Ирақ саясаткерлерінің ешқайсысы да Америка қолшоқпары болып көрінгісі келмейтіндіктен болып отыр. Солардың бірі Ираннан оралған Ирақ шииттерінің көсемі Абдул Азиз Ал Хаким.Ол басқаратын Шиит партиясы Иранда бас паналап жүріп Саддам Хусейінге қарсы ашық күрескенімен Ирақты Американың басып алуын қолдамайды.Сондықтан да, Ал Хаким Ирақ басшылығындағы Вашингтонның адамы болып көрінуден ат-тонын ала қашады.

Алмаспалы президент болатын тоғыздықтың ішінде курд көсемдері Джалал Талабани мен Масуд Барзани де бар.

Ал Рубаиидің айтуынша Кеңестің алдында кезек күттірмей тұрған негізгі міндеттің бірі министрлер кабинетн жасақтау.Ол тағайындалған министрлердің қасында американдық бір-бір кеңесші отыратын болды. Енді ол министрлерді қайдан табу керек деген сауалға келетін болсақ, екі пікір бар, оның бірі -министрлерді алыстан іздемей-ақ осы 25 кісілік Кеңес мүшелері қатарынан тағайындау салу керек деген пікір.Сонда Кеңестің салмағы арта түспек.Екінші пікір- министрлерді Кеңестің сыртынан, яғни, мамандар арасынан іздеу керек деген пікір дейді Ал Рубаии.

"Біздің күн сайын күн тәртібімізден түспей тұрған бір мәселе қауіпсіздік мәселесі. Біз 70 мыңға жуық полицияны жаттықтыруға кәзірдің өзінде 200 миллион доллар қаржы бөлдік. Ирақ полициясын жатықтыруға Еуропамен Америкадан 6500 жаттықтырушы тартатын болдық.Ирақ полициясын Еуропа мен Америкаға тәжрибе алмасуға жіберіп отыратын болдық.Сөйтіп ирақ полициясын халықаралық үлгіге сай ету міндет болып отыр."

Ал Рубаиидің айтуынша Ирақтың Басқарушы Кеңесінің ғұзырына Ирақ бюджетін белгілеу, Ирақ елшілерін тағайындау да жатады.Кеңес екінші жарты жылдықтағы Ирақ бюджетін 6 миллиард доллар деп белгіледі. Енді 2004 жылдың бюджетін таңғайындау міндеті тұр. Басқарушы Кеңес Құрама Штаттарының жоспары бойынша Ирақтың тәуелсіз өкіметін құру жолындағы бір асу екені белгілі .Алайда бұл өтпелі кезеңде Ирақтағы билік Американдық әкім Пол Бремердің толық бақылауы астында болмақ.Бремерде Ирақтың Басқарушы Кеңесінің шешімдеріне вето салу құқы бар.
XS
SM
MD
LG