Accessibility links

Аққуды қорғай аламызба?


Үстіміздегі жылдың қыс маусымында Ақтау маңында 139 аққу қырылып қалды. Ресми ақпарат бойынша, аққулардың қырылуына қыстың ерекше суық болуы және аққулардың әлсіздігі себеп болған.

Бірақ нақты себебі ресми түрде арнайы жүргізілген зерттеулерден кейін анық болады, делінген. Алайда, аққулардың қырылып қалғанына бір емес, екі маусым өтсе де, арнайы зерттеу жүргізген мамандардан мәлімет алу мүмкін емес. Көктем айларында зоолог мамандар Астанадағы жұмыстармен жүрміз, дегенді айтқан болатын, жаз айларында олардың бір жартысы демалысқа шығып кеткен, екінші бір бөлігі экспедицияға кетіп қалған.Қалай болғанымен, Зоология институтының қызметкері осылай деп жауап қайтарды.

«Каспий 21-ші ғасыр» атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі Ибрагим Көшеновтың пікірінше, ресми мекеме мамандарының бұл ақпаратты жариялағысы келмейтінің өзіндік себебі бар. Олар бар шындықты айтықысы келмейді. Ал, шындықты айтатын болса, аққулардың қырылуына Каспий табиғатының нашарлауы себеп болған.

«Каспий 21-ші ғасыр» атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі Ибрагим Көшенов:

- Жалпы, Каспий теңізінің ластануына байланысты. Негізінен итбалықтың, балықтың қырылуына осы жәйт әсер етті. Каспий теңізі жылдан жылға ластанып келе жатыр. Себебі Каспий теңізінде мұнай операциялары көбейіп жатыр, мұнай тасмалдайтын кемелер суға батып жатыр, оның да зияны тиеді. Өткен жылдың қазан айында «Меркурий-2», деген кеме су астына кетті, бұл кемеде мыңнан астам тонна мұнай болды, бұл мұнай судың бетіне шықты, бұл зиян ғой, бірақ бұл жөнінде еш кім айтпайды. Жалпы, осы аққулардың қырылуына осы «Меркурий-2» әсер етті, деп ойлаймын.Себебі төгілген мұнай суға көтеріліп, желмен Каспийдың шығыс жағына баруы мүмкін. Бірақ мамандар бұл жәйтті басқа жағдайлармен байланыстырғысы келеді. Итбалық қырылғанда да түрлі аурулардың атын атап, соңынан Ресей және Қазақстан ғалымдарының зерттеулері итбалықтардың қырылуына мұнай тікелей әсер еткенін көрсетті. Оған қарамастан мамандар, қыс қатты болды, дегенді айтады. Итбалық қырылған кезде де қыс қатты болды, делінген. Сол себептен, менің ойымша, аққулардың қырылуына «Меркурий-2» кемесінің суға батқаны себеп болды.

«Каспий табиғатты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Махамбет Хәкімов үстіміздегі жылы шын мәнінде қыс қатты болғанын айтады. Бірақ аққулардың қырылуына ауа-райының әсері тиген, тимегенін Махамбет Хәкімов дәлелдей алмайтының жеткізді.

«Каспий табиғатты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Махамбет Хәкімов:

- Былғы қыс өтте қатты болды. Теңізде мұздың қалындығы жарты метрге жетті, ұзындығы 30-40 шықырымды құрады. Аққулар сол теңіздің маңында жүреді. Бірақ менің күдігімде бар. Мына шетел компаниялары теңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатыр, теңіздің маңында радиактивті заттар бар. Ресми түрде аққулардың қырылуына, олардың әлсіздігі себеп болды және қыс қатты болды, дегенді айтады. Біз бір аққуды алып, тәуелсіз түрде зерттеген жоқпыз, сол себептен ресми мәліметтерге сенеміз. Ресми түрде зерттеу жүргізгендер, бізге айтпайды оның себебін, жасырады, сол себептен дәлелдей алмаймыз.

Жалпы дейді, Қазақстанның аңшылар және балықшылар одағының жетекшісі Асылхан Артықпаев, Каспий төңірегінде не себептен итбалық, аққулар қырылды деген сураққа жауп алу үшін Каспий табиғатын толығымен зерттеу керек.

Қазақстанның Аңшылар және балықшылар одағының жетекшісі Асылхан Артықпаев:

- Құстар Кеңес Одағы кезінде қырылатын, қазірде қырылып жатыр. Менің пікірімше, Каспийдың түбін зерттеу керек, Каспийдың су ағындарын зерттеу керек.Ол су ағын қай жерде көп ағады, қалай ағады, ондағы құстар қалай тамақтанады. Қазақстанда адамға тамақ тауып бере алмай жатқанда, жабайы құстар туралы кім ойланады. Бұл мәселе, яғни Каспий мәселесіне осы теңіз оңіріндегі бес мемлекет көніл бөлу керек. Бес мемлекеттің ғалымдары зерттеу жүргізу керек. Аштан қырылатын аққулар неге бұрын қырылмаған? Мұнай әсер етеді, әрине әсер етеді. Сонымен қатар, бұл аймақта түрлі әскери полигондар көп. Осының барлығы әсер етіп отыр.

Алматыда орналасқан Қазақстанның Зоология институтының мамандары өз жұмыс орнына қырқұйек айында келеді, сол уақытта біз аққулардың қырылуына не себеп болды деген сұраққа жауап алуға тырысамыз.
XS
SM
MD
LG