Accessibility links

Тосын да таңғажайып оқиғалар әлемінде

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Өткен аптада орын алған қызықты оқиғалар әрқилы тақырыптарды қамтуда.

“Куриэл” деген сөздің мағынасы сізге таныс па? Өткен айларда АҚШ-Франция қарым-қатынастарындағы саяси салқындықтар барысында тіпті Конгресс өкілдерінің кейбірінің тарапынан “французша қуырылған” деген тамақ атауын “тәуелсіздік қуырдағы” деп қайта атау жөнінде ұсыныстар да болғаны белгілі.

Енді бұған жауап ретінде француздар ағылшын тіліндегі е-мейл, яғни электронды пошта деген атаудың елде қолданылыуына тиым салып, оның орнына “куриер электроник”, қысқартып айтқанда “куриэл” деген сөздің қолданылуы жөнінде пәрмен шығарып отыр.

Франция Мәдениет министрлігінің өткен аптадағы хабарына қарағанда, е-мейл сөзінің барлық министрліктер іскқағаздары мен басылымдарда, вебпарақшаларда қолданылуына қатаң түрде тиым салынып отыр. Осы арқылы ағылшын сөздерінің француз тілін шұбарлауына жол бермеуге тырысуда Француз өкілдері.

Бұдан бұрын “ле уикенд” деген сияқты сөздердің қолданылуына салынған тиым өз үдесінен шыға алмай, керісінше “ле шопинг” сияқты сөздер көбейе түскен еді. Алайда бұл жолғы тиымның орынды салынғандығына министрліктегілер сенімді.

Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар күннен 120 есе үлкен жұлдыздар шоғырын тауып отырғаны жөнінде хабарлауда. Нақтылай айтқанда Құс жолының бойлығындағы W49А атты газ бұлтының ішінен 100-ден аса жұлдыздар шоғыры табылып отыр. Бұл W49А деп аталатын бұлттар түйдегі галлактикадағы ең күшті жұлдыздар шоғыры деп танылған екен. Аталған жаңалық жөнінде өткен аптада, Австралиядағы халықаралық астрономдар конференциясында хабарланған болатын. Ол жұлдыздар ғарышта әп сәтте пайда болып, біраз миллион жылдарға ғана созылатын кезеңде аса жарқырап, буырқанып өмір сүреді дейді ғалымдар. Олардың жарылыстарынан қара тұңғиықтар пайда болатын көрінеді. Ал, күн болса, оларға қарама-қарсы жағдайда 10 миллиард жылдай өмір сүреді-мыс.

Ғарыштағы неке қию салтанаты болмайтын сыңайлы. Бұдан бұрын Халықаралық ғарыш бекетінің командирі Юрий Маленченко мен оның жердегі қалыңдығы Екатерина Дмитриева екеуінің неке қию салтанаты ғарышта болады-, деп хабарланған еді. Енді Ресей ғарыш агенттігінің хабарына қарағанда мұндай жағдай орын алмайтын сыңайлы. Себебі, Ресей Ғарыш агенттігінің айтуынша, әзірге қалыңдықтың кім болатындығы анық емес. Ал, аты аталған қалыңдық болса, орыс жерінде дүниеге келген, қазір АҚШ азаматы екен. Екі жас өзара телефонмен сөйлесулер арқылы, болмаса Юрийдің жерден 400 километрдей биікте ұшып жүрген кезіндегі жерге жеткен дауысы арқылы ғана тілдесіп жүрген көрінеді. Қарап отырсаңыз, бұл екі жас аспанда тіл табысқандай екен. Алайда, Ресей ғарыш агенттігінің өкілі Сергей Горбунов аталған мәселе жөніндегі қорытынды пікірді төтесінен бір-ақ айтты. “Халықаралық ғарыш бекеті ормандағы жеке үй емес және сен ол бекетке ұшақпен жете алмайсың. Ол үшін зымыранға мінуің керек”, - деді Горбунов мырза.

Германиялық ғалымдардың дәлелдеуінше, күнге күйдірініп, ұзақ демалып жату адамның ақылын азайта түспек. Ерланген және Нюрнберг университетінің маманы Зигфрид Лехрлдің сөзіне қарағанда, 14 күн толық осындай демалыста болу, сол адамның ақыл- қабілетін 20 пайызға дейін төмендетіп жібереді екен. Әрине, бір жылдық ауыр еңбектен кейін азаматтардың мықтап тынығуына ғалым қарсы емес. Алайда Лехрл мырза жағажайға демалуға барғандардың күнге күйіп қалмауына кеңес беруде. “Берлинер куриер” газетіндегі осы мақаласында ол жағажайда жатқан адамның нард ойнап не болмаса, кітап оқуына кеңес береді.
XS
SM
MD
LG