Accessibility links

Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы, Беларусь үкіметі тәуелсіз газеттерді тұншықтару науқанын жалғастыруда , деп мәлімдеген.


Европалық ұйымның еркін ақпарат жөніндегі өкілі Фрейнут Дувенің айтуынша, Беларусь АҚШтағы БАҚдарына қолдаудың екі тобына тиым салып, Ресейдің НТВ Минскідегі бюросын және тәуелсіз "Беларусская деловая газетаны" жапқан. Соңғы айларда ғана Беларусь еліндегі 5 тәуелсіз газет пен 4 негізгі бейүкіметтік ұйымның жұмысы тоқтатылған. Европа одағы да , Беларусь мемлекеті өзін Европадан алыстата бастады", сөз, көзғарас еркіндігінің халықаралық нормалары бұзылуда, деп есептейді. БҰҰның адам құқықтары бойынша комиссиясы, өткен сәуір айында, адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты Беларусьты қатты сынап арнайы шешім қабылдаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG