Accessibility links

Руслан Хасбулатов Шешенстан президенттігіне болатын сайлауда үміткер ретінде қатыспақ.


Шешен азаматы Хасбулатов бұрыңғы СССР кезінде парламент төрағасы болған. Міне енді, бір неше жылдық соғыс шайқастарынан кейін, Шешенстанда алдағы қазанның 5інде болатын президенттік сайлауға әзірше алты үміткердің бірі болып қатыспақ. Кезінде Хасбулатовты парламент төрағалығына ұсынған ол кездегі президент Борис Ельцин мен парламент арасында жанжал шығып, 1993-жылғы қазанда, президент Ельцин, Парламент ғимаратына танктермен шабуыл жасаған болатын. Сол кезде өзгелермен бірге Руслан Хасбулатов та абақтыға түсті. Шешенстандағы Ресейдің бейбітшілік жоспарына Хасбулатов қарсы болған. Хасбулатовтың пікірінше, шешенстандық басшылықпен, жікшілдермен Кремль өзара келіссөздерге отыруы қажет.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG