Accessibility links

Батыс Африка елдерінің жетекшілері Либерияға Халықаралық бітімгершілік күштерін орналастыру жөніндегі жоспарды бекітті.


Гана астанасы Аккреде Либерияға алдағы дүйсенбіден кешіктірмей әскери күш жіберу туралы шешім қабылданды. Мәлімдемеде айтылғандай, кездесудің қортындысында қабылданған шешім бойынша, Либерия Президенті Чарлз Тэйлор өз уәдесін орындап, орнынан кетуі тиіс. Батысафрикалық жетекшілер Тэйлордың бітімгершілік күштер келгеннен соң, үш күннің ішінде елден кетуін талап етуде. Соңғы айда көтерілісшілер мен Чарлз Тэйлорға берілген әскерилер арасындағы қақтығыстан мыңдаған адам өлді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG