Accessibility links

АҚШ Палестина аймағында еврей елді мекендерін салу құрылысын толық тоқтатуды талап етуде.


Америка мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің хабарлауынша, Газа секторындағы елді мекенде жаңа үйлер салу құрылысын жариялаған Израиль басшылығымен қазір пікір алмасу жүргізіліп жатыр. Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық жоспарда, Израильдің елді мекендерде құрылыс жүргізуден бас тартуы қарастылырған. Тель-Авив елді мекендердің көбейуіне рұқсат берілуі керек деп санайды. Ал, Палестиндіктер “Изарильдің бұл әрекеті бейбіт үдерісті бұзып отыр”- деп, мәлімдейді.

Бүгін таңертең Израиль түрмелеріндегі палестиндік тұтқындар бір уақытта ашаршылық жариялады. Бұл акция бейсенбі күні Ашкелондағы түрмеде отырған палестиндіктердің көтерліс жасауынан кейін басталды. Көтерлісі басып тасталған еді. Ал Палестина автономиясының басшылығы Израиль түрмелеріндегі барлық палестиндіктер босатылуы керек деген талапты қоюда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG