Accessibility links

Ирақта мұнай өндіру арта түскенімен де, қиыншылықтар жетерлік


Ирақ мұнайын сатып алмақ үшін халықаралық мұнай компаниялары жаңа тоқтамдарға қол қойып жатыр.

Бірақ кейбір талдаушылардың айтуынша, Ирақтың мұнай өндіру саласының өзіндік қиыншылықтары жетерлік және ол таяу айларда сыртқа елеулі мұнай шығару үшін елдің ішіндегі өндіріс жүйелеріне елеулі қаржы жұмсауы тиіс.

Ирақтағы АҚШ әкімшілігі осы аптаның ішінде орташа есеппен жыл соңына шейін күніне 750 мың баррель мұнай сату туралы келісім-шарттарға қол қойуы керек. Кипрде орналасқан Таяу Шығыстағы Экономикалық Талдау орталығының мұнай өндіру саласының талдаушы маманы Джеральд Бут бұл мәселеге байланысты өз пікірін былай білдірді:

- “Әлбетте, бұл жағдайдың оңалып келе жатқандығын көрсетеді және Ирақтың аздапта болса саудаға өз өнімін ұсына алуы, жағдайдың осыдан бір не үш ай бұрынғыға қарағанда біршама тәуір екендігін аңғартады. Бірақ өнім шығарушыларда, қазір келісім-шарттарға қол қойушыларда болашақта не боларын білмейді”

- Ирақтың мұнай өндіру көлемі өсіп келеді, таяуда ол күніне 1 миллион 200 мың баррель деңгейге жетсе, оның 500 мың баррелін Ирақтың өзі пайдаланады, артылған мұнай шетке сатыла алады. Бірақ ол соғысқа дейінгі күніне 2 жарым миллион баррель көлеміне әлі жете алмай отыр. Ирақтың мұнай өндіру саласы соғыстан көп зақымданбағанымен де, ол тонаушылық және саботаж бен өзгеде қаса-қана тірліктерден қалпына келе алмай отыр. Ирақтың мұнай өндірісінің ресми өкілдерінің айтуынша, олар жыл соңында күн сайын 2 миллион баррель мұнайды сыртқа сатпақ, бірақ Буттың пікірінше, ол 1 миллионан 1 жарым миллион көлемінде болатындығы ақиқатқа жанасады. Бірақ бұл тым көп, өйткені, әртүрлі ұрлық-қарлық бар, тіпті кейбір қалпына келтірілген өндіріс жүйелері соңыра қайтадан тоналған және бұған қоса күнделікті мұнай құбырларын тесіп мұнай ұрлаушылар бар және ол қолды болған мұнай контробандалық жолдармен төменде жатқан шығанаққа, болмаса Иранға тасылады, -дейді Бутт.

Талдаушының айтуынша, қауіпсіздік шараларына байланысты қазіргі уақытта Ирақтың оңтүстік аймақтарында өндірілген мұнайды ғана сыртқа шығаруға болады. Солтүстіктегі Киркуктің мұнайын Түркияның Жерорта теңізінде орналасқан Жайхан кеме айлағына тасымалдауға әзірше мүмкін болмай отыр, Жайханда сатылып жатқан Ирақ мұнайы бұрындары жеткізілген қор есебінен жүріп жатыр. Ай басындағы мұнай құбырындағы екі жарылысты Түркияның Сыртқы істер министрі саботаж деді.

- Вашингтон Ирақтың мұнай өндіру саласын қалпына келтіруді негізгі мақсат етіп отыр, мұнай экспортынан түскен қаржылар елді қалпына келтіруге жұмсалуы тиіс. Осы айдың басында Ирақтағы азамтатық әкімшіліктің басшысы Пол Бремер 2003-ші жылдың екінші жартысының бюджетін бекітті, бұнда жыл соңына шейін күніне 1 жарым миллион баррель мұнай өндіріледі деп жоспарланды. 1 баррель мұнай 20 доллар тұратын болса, онда 3 миллиард 500 миллион доллардың табысы түседі, - деді Бремердің көмекшілері.

Бірақ АҚШ үкіметтінің Басқару және Бюджет мекемесінің бастығы Джошуа Болтен 29 -шы шілде күні Сенат комисияасына, биылғы жылы Ирақта 7 миллиард 300 миллион доллардың қалпына келтіру жұмыстары жүруі керек, - деді. Бұл Ирақта жайғасқан 150 мыңдық АҚШ қолына ай сайын жұмсалып жатқан 4 миллиард доллардан бөлек қаржы.

Ал Ирақтағы АҚШ басшылығындағы билік орындары өнімді артыру мақсатында Ирақтың мұнай өндіру саласын қалпына келтіру үшін елеулі қаржылар жұмсауы керек. Ирақ келесі жылдың соңына шейін күніге 2 жарым 3 миллион барель мұнай өндіруді жоспарлап отыр, бұл 1991-ші жылғы Шығанақтағы соғысқа дейінгі көрсеткіш. Таяуда Вашингтон мен Ирақтың мұнай министірлігі 1 миллиард 600 миллион доллардың мұнай өндіру саласын қалпына келтіруге бағытталған инвестицияға қол қойды.

Буттың айтуынша, жақын арадағы Ирақтың мұнай саласын қалпына келтіруге мүделі АҚШ пен өзгеде мүдделілер ақша шығарғанымен халықаралық мұнай алпауыт компаниялары бұған бармайды. Жаңа кен орындарын іздеу мен өндірісті кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді кез келген инвестиция болмайды. Ұзақ мерзімдік зерттеулер мен даму тоқтамдарына қол қойу үшін заңды үкімет болуы тиіс. Әзірше, БҰҰ-ы АҚШ 13-інші шілдеде тағайындаған Ирақтың Басқару Кеңесін елдің жоғарғы үкіметі деп мойындаған жоқ.
XS
SM
MD
LG