Accessibility links

Солтүстік Корея алты жақты келіссөз өткізуге келісті


Жұма күні Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның осы елдің ядролық бағдарламасына орай Корей түбегінде туындаған дағдарысты шешу жолында алтыжақты келіссөзге келіскенін растады.

Ал, бұған дейін Солтүстік Корея тек Америка Құрама Штаттарымен ғана келіссөз өткізетінін мәлімдеп келген еді.

Ақ Үй де, AҚШ мемлекеттік Департменті де Солтүстік Кореяның ядролық қару бойынша алтыжақты келіссөзге келіскені туралы жаңалықты зор қошеметпен қарсы алды деп жазады Вашингтоннан радиомыздың тілшісі Джефрей Донован. Мемлекеттік Департмент өкілі Ричард Баучер:

"Менің бұл мәселеге орай айтарым - Солтүстік Кореяның көпжақты келіссөзге келісуін қолдайтынымыз ғана"

Көпжақты келіссөзге екі Корея, АҚШ, Қытай, Ресей және Жапония қатыспақ.Баучер бұл кездесудің қашан және қай жерде өтетіні жөнінде ештеме айтпады.Бұл жаңалықтың алдымен әлемге Мәскеу арқылы тарау себебін түсіндіру Баучерге қиын болды.

Біз бұ жаңалықты кеше президент Буш Қытай ел басы Ху Чинтаомен телефон арқылы сөйлескеннен кейін естідік деді ол.Тегі ресейлік американдық талдаушы Александр Мансуров болса Солтүстік Кореяның кенет көпжақты келіссөзге көнуінде Ресей дипломатиясының ролі зор болды деп біледі.Мансуровтың айтуынша Путинмен Солтүстік Корея президенті Ким Джонг Илл соңғы кезде тығыз байланыста болған.

"Путин мен Ким Джонг Илл соңғы 3 жыл ішінде өте тығыз байланыста болды.Ресей жағы көпжақты келіссөз қажет деп салмақ салды." АҚШ жағы болса Солтүстік Кореяны көпжақты келіссөзге көндіру үшін Қытайға салмақ салумен келген - дейді Мансуров.

"Ким Джонг Иллдің Ресейге бет бұруы Ресейді жақын санауынан."

Солтүстік Корея соңғы күндерге дейін тек Құрама Штатармен жеке кездесуге күш салып өзге ұсынысқа илікпегені белгілі.АҚШ мен Солтүстік Корея Пхениянның ядролық бағдарламасы үстінде 1994 жылдан бері текетіреске түсіп келді.Бейсенбі күні Сеулде ҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Джон Болтон Солтүстік Корея президенті Ким Джонг Иллге қаратып былай деді:

"Ол өзі Пхениянда патшаша дәурен сүріп жатыр.Ал бұ кезде жүздеген мың кісі түрмеде шіруде, миллиондаған халық қайыршылық көруде.Ондағы халықтың көбі үшін өмір өмір емес, дозақ"

Американдық талдаушы Санг Джу Ким:

"Меніңше Солтүстік Кореяның өз жоспары бар.Путин Ким Джонг Иллге ұнайтын бір ұсыныстар жасаған болуы керек. Бұл елдің қауіпсіздігіне кепілдік беру дегендей шабуылды болдырмау, режимді өзгертпеу дегендей..."

Осынау тегі кореялық талдаушының ойынша Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепіл болардай төңірегінде Ресейден басқа бүгінде ешкім қалмаған.Тек Бушпен арасы жақын Путин ғана бұндай кепілдікті Солтүстік Кореяға бере алуы мүмкін еді. Солтүстік Кореяға керегі АҚШ-ның бұл елге шабуылдамау туралы пактіге қол қоюы болып отыр.

"Вашингтонның негізгі мақсаты Бушты екінші кезекке сайлау екенін ұмытпаңыз.Осы мақсат жолында Ақ Үй қолдан келгеннің бәрін жасап, айтуға бар.Ол мақсаттың бірі Корей түбегіндегі бейбітшілік еді." Атын атамауды жөн көрген бір американдық саясаткер әлем назар тігіп отырған осынау алтыжақты кездесу қыркүйекке дейін Бежинг қаласында өтетінін айтты.
XS
SM
MD
LG