Accessibility links

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президенттің баласы Илхам Әлиевті 15 қазанда өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде ресми түрде тіркеген.


41 жасар Илхам әкесінен кейін президенттікке кандидат болып тіркелген екінші бақталас. Илхам Әлиев өзінің бұл сайлау науқанына әкесінің президент болып қайта сайлануына көмектесу үшін ғана қатысып отырғандығын айтқан. 80 жасар Гейдар Әлиев бұл күндері Түркияның астанасы Анкарада әскери ауруханада емделіп жатыр. Әзірбайжаннның Түркиядағы елшісі Мамет Әлиев жақында Түркияның БАҚ-ы таратқан Әлиев қатты науқас, тіпті өлім халінде деген хабарларды жоққа шығарып, президенттің денсаулығы өте жақсы, ол жуық арада Әзірбайжанға қайтып келеді деп айтқан.
XS
SM
MD
LG