Accessibility links

АҚШ БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесінің Либерияға көпүлтты жасақтарды орналастыруға өкілеттік беретін шешімге сенбіден кешіктірмей дауыс беруін қалап отыр.


Ұлттар ұйымындағы Америка елшісі Джон Негропонте АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесі бұл шешім турасында ең кешіктірілгенде сенбіде дауыс беріледі деп күткенін айтқан. БҰҰ-ы мен Африка елдері және басқа да мемлекеттер Либерияның президенті Чарльз Тейлор жағындағы әскерлер мен көтерілісшілер арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтату үшін мұнда әскер кіргізу жөнінде АҚШ-қа қысым жасаған болатын. Хабарларға қарағанда, Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған жобада Либерияға жіберілетін әскерлер қатарында америка солдаттарының болатын, болмайтындығы туралы анық айтылмаған. Нигерия әскерлерінің бірінші тобы Либерияға алдағы дүйсенбіде келіп жетуі тиіс. Кеше Либерияның астанасы Монровияда тағы да қақтығыстар орын алған. Кемінде 11 адам қаза тапты деп хабарланады.
XS
SM
MD
LG