Accessibility links

АҚШ пен Ресей Солтүстік Кореяның өзінің ядролық қару бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешу үшін көпжақты келіссөздерге баруға келісім бергенін құптап қарсы алған.


Америка президенті Джордж Буш Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея және АҚШ, Ресей, Қытай мен Жапония сияқты алты ел қосылады деген бұл келіссөздер нәтижелі болады деп үміттенетіндігін айтқан. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов бұл көпжақты келіссөздер өте тез арада басталады деп күтемін деген. Ол сондай-ақ келіссөз Корей түбегінің ядролы

қ қарусыз болуын қамтамасыз етеді, сөйтіп ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдерді қорғайды деп атап көрсеткен. Жапониядағы сапары барысында келіссөздерді жүргізуші Американың жоғары лауазымды өкілі Джон Болтон Солтүстік Кореяның көпжақты келісімдерге келуге мойынұсынуы - АҚШ-тың бұл мемлекет тұрғысындағы қатаң саясатының жемісі болды деген. АҚШ Солтүстік Кореяның келіссөздерді тек екеуара өткізейік деген талабын қабылдамай тастаған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG