Accessibility links

Саддам Хусейіннің үлкен қызы Рагхад Бағдадтың АҚШ бастаған коалиция күштерінің қолына тез өтуіне әкемнің өте жақын серіктестерінің сатқындығы себеп болды деп айтқан.


Рагхад Хусейін бұл мәлімдеулерді жұма күні Дубайдағы Әл-арабия телеарнасынан сөйлеген сөзінде айтқан. Саддамның екі қызы мен олардың балаларына Иордания баспана беріп отыр. Олар мұнда бейсенбі күні келген болатын. Рагхад Хусейін әкесін сатып кетті дегендердің аттарын нақты атай қоймаған. Саддамның үлкен қызы Бағдадтың құлағаны қатты соққы болды деп атап көрсетіп, өзінің америка солдаттары келер алдында қорқып - үріккен ирақ жауынгерлерін көргенін айтқан. Кейінірек Американың CNN телекомпаниясынa берген интерьвюінде ол қазір Ирақтағы коалиция күштері жаппай іздестіріп жатқан әкесінің дәл қайда жасырынғандығын анық білмеймін деген. - Менің байқауымша ешкімнің де онымен байланысы жоқ және оның қайда екендігін бірде-бір адам білмейді. Мен оны жақсы білемін. Ол өзінің қайда екендігін ешбір жанға айтпайды, тіпті менің анама да хабарламайды, отбасымызда ешкім де білмейді, - деген Рагхад Хусейін. Әл-жазира телеарнасы жұма күні Саддамның даусы жазылды делінген тағы бір таспаны көрсеткен, бірақ ондағы дауыстың Саддамдікі екендігі әлі нақты анықталмаған.
XS
SM
MD
LG