Accessibility links

Бейрут қаласында екі адам өліп, бірнеше адам жарақаттанды


Куәлердің айтуынша, жарылыс көшедегі автокөлік жүре бастаған кезде болды. Ливан арнайы қызметінің хабаралуынша, автокөліктің ішіндегі адамдар мерт болды. Олардың кім екендіктері, жарылыстың себебі әзірге нақтыланбады. Көшеде өтіп бара жатқандардың біразы жарақат алды. Бейруттің бұл оңтүстік маңы “Хезбулла” эктремистік тобының ордасы деп саналады. Бұл топ АҚШ тізбектеген террористік ұйымдар тізіміне енгізілген болатын.
XS
SM
MD
LG