Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты көпжақты келіссөздерге келісім бергеніне АҚШ пен Ресей риза болды


АҚШ президенті Джордж Буш “Солтүстік Кореяның бұл шешімі үміт артарлық оқиға”- деді. Сондай-ақ, Буш Қытайдың бұл шешімді қабылдаудағы роліне жақсы баға берді. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов “көпжақты келіссөздер ендігі жақын уақытта басталуы мүмкін”- деп хабарлады. Көпжақты келіссөздерге Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай өкілдері қатысады. Бұған дейін Солтүстік Корея АҚШ-пен ғана тікелей келіссөз өткізуді талап етіп келген. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Болтон “бұлайша алға жылжуға Вашингтонның қатал бағыты себеп болды”- деп мәлімдеді. Ядролық бағдарламаға байланысты мәселелерді АҚШ-тың Бірріккен Ұлттар Ұйымының талқылауына салмақшы болған кез келген қадамы көпжақты келіссөздердің болмай қалуына әкеліп соғады деп мәлімдеді Солтүстік Корея . Солтүстік Корея мемлекеттік ақпараттық агенттіктерінің таратқан хабарламасында АҚШ жоғарыда аталғандай қадамдарға барса, ол “қылмыс” ретінде қаралады және соғыстың басталуына жол беруі мүмкін делінді.
XS
SM
MD
LG