Accessibility links

Саддамның ұлдары мен немересінің жерлеу рәсімі өткізілді.


Кеше Саддам Хусейін әулетінің басшылары Тикрит маңындағы Ирақтың бұрынғы басшысы туған ауылда оның ұлдары Ұдай мен Құсайды және олармен бірге қаза тапқан 14 жасар немересін жерлеу рәсімін өткізген. Шілденің 22-і күні олар жасырынған Мосулдағы үйге америка жасақтары шабуылдаған кезде, бұлардан басқа үш оққағар да қаза тапқан болатын. АҚШ-тың әскери өкілдерінің бірі жұма күні кешке қарай әскерлер сапына жасалған шабуылдан бір солдат қаза тауып, үшеуі жараланғандығын айтқан. Бұл соңғы үш айдың ішінде қастандық шабуылдарынан Ирақта қаза болған американдық 53 –ші солдат. Америка әскерлері бұл шабуылдардан соң жауап атыстарға барған кезде бір ирақ әйелі өлген деп хабарланады. Ирақтағы америка әкімшілігінің басшысы Пол Бремер Бағдадта, тілшілер алдында келесі жылы сайлау өткізуді қамтамасыз ететін Ирақ Конститутциясы жуық арада, шамамен алты айдың ішінде жазылып, дайын болатындығына өзінің сенімді екендігін айтқан. -Егер олар конституциялық конференцияны қыркүйек айының аяғына қарай шақыратын болса және жазу үшін алты ай қажет болатындай болса, онда ол келесі көктемге қарай дайын болар еді, онда алдағы жылы сайлау өткізу мүмкін болады. Шын мәнінде Ирақ адамдары үшін мәселе - Конститутцияны жазу үшін қанша уақыт қажет болатындығында,-деген Пол Бремер.
XS
SM
MD
LG